«Жалғыздың үні» шықты

Жақында «Ақ отау» баспасынан Жәди Шәкенұлының «Жалғыздың үні» атты сын-зерттеу мақалалары мен сыр-сұхбаттар кітабы жарық көрді. Кітапқа жазушының 2005-2010 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері мен өзге қаламгерлердің, жазушы және оның шығармашылығы жайындағы мақалалары топтастырылған. Тұтас­тай қарағанда әдебиетімізде сақталған әртүрлі мәселелер, шет елдегі қазақ әдебиеті және оның атамекенге болған игі ықпалы – бүгінгі әдебиеттің бітім-болмысын аңғартып қалмастан заман ауқымынан да сыр шертеді.