Т. Тәшенов: Қоңыраттан қалған сынық құмыра немесе Үргеніш туралы жыр
2016 ж. 14 қыркүйек
6589
2
Көне Үргеніш! Көне Үргеніш!! Үргеніш!!! Көріп сені – Жанған жүрек, күйген іш... Көк тіреген Көп мұнараң Кемінде Үш гүлденіп, Түскен екен күйреп үш.
Қаһарынан Қиратпаған қалмай қыш, Қауға өрт қойған – Алмайтындай самғай құс, Тегістеген – Тегеуріні Темірдің; Ал Әмуді Ары аунатқан Қандай күш?!.
Көне Үргеніш! Елеңдер іш, сен десем! Тереңге өріс Тартар едің – тергесем! Самарқандқа тиіп қамшың – сермесең, Бұхарадан Бұрын оздың төрге сен... Енді неге тұрсың толып шерге сен?!
...Қоңыраттан Қалған сынық құмыра, Құм астынан Қатады тіл құмыға. Құбыладан Жалғап зорға шұғыла, Күбірлейді Нәжмеддин Кубра...
Төреғали Тәшенов,
Фейсбук парақшасынан алынды