Мирас Асан: Әкім құтырсын, Ақын – ұтылсын…

014

АРЗУ

Жігер – құм болды, Жүрек – күл болды... Жерім – пұл болды, Елім – құл болды...
Сатып бітірсін, Атып... үкім, сын... Шенді құтылсын, Шелек – тұтылсын! Билік – бүкір шын, Күйдік, бүкілі сұм. Әкім құтырсын, Ақын – ұтылсын... Қарыз белшеде, Арыз кеңседе... Руы – ас, тойда, Рухы – еңседе... Байлық шылқыды, Айлық – күлкілі... Тесік қалтамыз, Тесік – құлқыны... Балық – қармақта, Халық – шарбақта. Құзғын – тұғырда, Тізгін жармақта... Айнам, Азаттық, Қайдам, қазақтық... Елді мазақ қып, Жерді тозақ қып, Өзі бір жақта... Сөзі қылжаққа... Қолы қаламда, Көзі қыр жақта... Мирас Асан qazaquni.kz