Бәйге!!! Бәйге!!! Бәйге!!!

12809583_931721053590484_4228566337067814071_nWBK тұжырымы бойынша Қытайда өткен ережесіз жекпе-жектен халықаралық чемпионаттың финалына жолдама алған қос қазақ - қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытай қазағы Ғабит Тұрсынбек бір-біріне жұдырық жұмсамағаны үшін төрешілерден ескерту алып, жарыстан шығарылды. Дегенмен екеуінің мәрттігі мен бауырмалдығы әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Ақын, аудармашы, әдебиеттанушы Жүкел Хамай қос батырға жыр арнап, ел жүрегін одан әрі елжіретті. "Әдебиет порталы" осы үрдісті жандандырып, қазақтың барша ақындарына "Қазақтың бірлігін ту еткен қос батыр!"атты жыр бәйге жариялайды! Айбек пен Ғабиттің ерлігіне арналған жыр додасына қатысамын деушілер өлеңдерін порталдың электронды поштасына (аdebiportal@gmail.com) жібере алады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында бәйге қорытындысы шығарылып, ең үздік үш өлеңге арнайы сыйлықтар беріледі.

Бұл игі іске қолдау көрсетіп, демеушілік жасаймыз деген қалталы азаматтар болса, портал әкімшілігіне хабарласуға болады.

 
Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, 
Астана қ., Орынбор көшесі, 8 «Министрліктер үйі», 3-кіреберіс. 
 
Тел: +7 (7172) 79 82 12, +77017098882. Эл. пошта:  adebiportal@gmail.com
Естеріңізде болса бұған дейін Айбек пен Ғабиттің бірін бірі аяп бокыстаспай қойғанын жазғанбыз. Және екі спортшының осы себепті қызыл қағаз көтеріп, ойыннан шығарылғанын да айтқан едік.