Хабарландыру: «Ата жұртын аңсаған Айбергенов» атты халықаралық ғылыми-конференция өтеді
2016 ж. 08 ақпан
5158
1
ҚҰРМЕТТІ ЖАҚЫН ЖӘНЕ АЛЫС ШЕТЕЛДЕГІ АҒАЙЫНДАР!
АҚЫН ТӨЛЕГЕН АЙБЕРГЕНОВТІҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСАМЫН ДЕУШІЛЕР ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР!
АСЫҒА КҮТЕМІЗ!
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ Жол - Жастар» жастар қанаты мен Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп- лицей- интернаты мен бірлесе Төлеген Айбергеновтің шығармашылығын оқып үйрену арқылы жастарды поэзияға баулу мақсатында «Ата жұртын аңсаған Айбергенов» атты халықаралық ғылыми-конференция өткізеді.
Өтетін уақыты: 2016 жыл, 22 ақпан, сағат: 15.00- де
Өтетін жері: Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп- лицей- интернаты акт залы
Баяндама тақырыптары:
- Т.Айбергеновтың шығармаларының құндылығы;
- Т.Айбергеновтің шығармаларының зерттелуі;
- Т.Айбергеновтің шығармаларының тарихи өзектілігі;
- Т.Айбергеновтің Маңғыстауға іс сапары;
Баяндама (мақала) мәтіні мемлекеттік тілде қабылданады. Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференциядан бұрын ғылыми жинақ түрінде тіркеу формасы (баспа түріндегі мақаланың 1 данасы және электронды түрде жіберулері қажет.
Баяндама (мақала) материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптар қатаң сақталуы керек:
Баяндама (мақала) мәтіні 5-6 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы MS Word 2003 – 2007 мәтіндік редакторы бойынша жазылуы керек:
- Кестелердің,сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.
- Парақтың параметрлері: жоғары – 2 см, төменгі – 2см,
сол жағы – 2 см,оң жағы – 2 см.
- Шрифт: Times New Roman, кегль – 12.
- Жол аралық: 1 интервал.
- Жаңа жол: 0,9 см.
- Бір жолдан кейін ортасынан баяндама (мақала) тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.
- Баяндаманың (мақала) тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін парақ ортасына жай әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты—жөні жазылады.
- Төменгі жағына жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен) жазылады.
- Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары жазылады.
- Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңына жазылу керек. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінінде квадрат [ ] жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілуі тиіс, мысалы: [1, 250-бет].
Тіркеу формасы
- Тегі, аты-жөні толығымен _________________________________
- Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________
- Жұмыс жасайтын мекемесі _________________________________
- Баяндама тақырыбы _________________________________________
Баяндама (мақала) материалдары және 3х4 фото суреттерін 2016 жылдың 15 ақпанына дейін Ақтау қаласы, 29а- шағын ауданы “Нұрплаза” бизнес орталығы, 14- кабинетте қабылданады.
Байланыс телефоны : 33-73-55 тел: 8 775 4787229
е-mail: akzholmangystau@mail.ru Жауапты: Исаева Алия Жангелдинқызы
Ескерту:
Үздік баяндамалар арнайы жинақ болып басылып шығады.
Ұйымдастыру комитеті
«Ақ жол- жастар» жастар қанаты