Сәбит Досановтың "Ақ аруана" кітабы түрік тілінде жарық көрді
2016 ж. 06 қаңтар
3825
0
Әдебиетке цензура қатаң бақылау жасалған кеңес үкіметі кезінде, көп қиындышылықпен жарық көрген көркем шығарманың бірі – «Ақ аруана» атты повесть болатын. Сәбит Досановтың ұлттық рұхты оятқан осы сүйекті шығармасы жақында Түркияда жеке кітап болып шықты.
«Ақ аруана» кітабында жазушының өмірдің өзекті проблемаларын өткір көтерген «Жусан исі», «Сыңсып ұшқан сыңар аққу» сынды әңгімелері де бар. Кітапқа алғысөз жазған белгілі әдебиет сыншысы Имдат Афшар.
[caption id="" align="aligncenter" width="717"] Суретте: Түріктің көрнекті жазушысы Имдат Афшар және Әзірбайжанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Әзірбайжан Парламентінің депутаты Ганира Пашаева[/caption]Анкарада өткен түрік әлемі ақындары мен жазушыларының фестивалінде түрік тілінде шыққан «Ақ аруана» атты кітабының тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімін жүргізген Әзірбайжанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Әзірбайжан Парламентінің депутаты Ганира Пашаева түркі әлемі қаламгерінің «Ақ аруана» кітабы жайлы жылы лебізді пікірлері үшін алғыс айтты.
«Ақ аруананы» түрік тіліне аударған түріктің көрнекті жазушысы Имдат Афшар, оны жарыққа шығарған Түркиядағы беделді баспалардың бірі – "Айсу йайынчылык" . «Ақ аруана» үстіміздегі жылы Бакуде, Бішкек пен Ташкентте де жарық көрген болатын.Түркияның беделді басылымдарында жарияланған мақаларда қазақ қаламгерінің шығармаларына терең талдау жасалған. "Короглу" журналының желтоқсан айындағы санында Сәбит Досанов шығармашылығы жайлы көлемді мақала жарияланды. «Ақ аруананың» тұсау кесер рәсімі таяу күндері Алматы да өтпек. Оған Түркия мен Әзірбайжанның, Өзбекстан мен Қырғызстанның көрнекті жазушылар қатынасады деп күтілуде.
qazaquni.kz