СӘБИТ ДОСАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТҮРКИЯДА ЖАРЫҚ КӨРДІ

Сабит Анкарада өткен түрік әлемі ақындары мен жазушыларының фести­валін­де белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов­тың түрік тілінде шыққан «Ақ аруана» атты кітабының тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімін жүргізген Әзірбайжанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Әзірбайжан Парламентінің депутаты Ганира Пашаева түркі әлемі қаламгерінің «Ақ аруана» кітабы жайлы жылы лебізді пікірлері үшін алғыс айтты. «Ақ аруана» кітабына енген хикая мен әңгімелерді түрік тіліне аударған түрік жазушысы Имдат Афшар, оны жарыққа шығарған Түркиядағы белгілі баспалардың бірі – «Айсу йайынчылык». «Ақ аруана» үстіміздегі жылы Бакуде де жарық көрген болатын. «Короглу» журналының желтоқсан айындағы санында Сәбит Досанов шығармашылығы жайлы көлемді мақала да жарияланды.

"Қазақ үні" газеті