Менен кейінгі басшылар да солай қазақша сөйлейді деп сенемін!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
***
Сен қазақша сөйледің, ер Нұрекем,
Тәуекелге байлап бір белді бекем.
Қазақ бірге шалқиды сен шалқысаң,
Қазақ бірге жүдейді сен жүдесең!
Сен қазақша сөйледің, алтын Ағам,
Ақ маңдайың күн ұқсап жарқыраған.
Бересіңді әлемнен алам дедің,
Бермесіңді ақылмен тартып алам.
Сен қазақша сөйледің шын көсіліп,
Сайрап кетті өзіңмен бірге осы жұрт.
Ана тілдің жетпесек қадіріне,
Қазақ болып қайтеміз күн кешіріп!
Тайпалдың-ау топ жарып, Тарланбозым,
Жалпағынан басып бір жалғанды өзің!
Аршып бердің әлемнің алдында сен,
Ана тілдің құм басып қалған көзін!
Домбыраңның құлағын еппен бұрап,
Сыңғырындай сөйледің сексен бұлақ.
Бір елеңдеп шынымен қалды-ау талай,
Өзге тілге үйреніп кеткен құлақ!
Жан Нұрекем, жүрегі от, көзі нұрлы,
Дүниеге естірттің өз үніңді.
Қазақ Елін Жер шары нақ таныды,
Қазақ Елін бес құрлық тез ұғынды.
Бірде сараң уақыт, бірде шүлен,
Адастырды бабамның жүлгесінен.
Қазақ тілі алды орнын сен арқылы,
Дүниенің ең биік мінбесінен!
Алсын халық бұл күнді жылда есіне,
Тіксін тұлпар бәйгенің жүлдесіне!
Қазақ тілін шегелеп кеттің мәңгі,
Дүниенің ең үстем мінбесіне!
Өсектердің өшті үні жел құсаған,
Дендеп келген айықтық шер-құсадан!
Бір кінәсі осы еді артып жүрген,
Өкпесі жоқ қазақтың енді саған!
Ауыт Мұқибек
01.10.2015
Астана
qazaquni.kz
СҮЙІНШІ!
(28 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі 70-ші мерейтойлық сессиясында баяндама жасаған Елбасымыз Нұсұлтан Назарбаев бастан-аяқ тек қазақша сөйледі.)
Айтар бүгін бар жаһанға сауыным,
Ақ түйенің қарны жарылды қауымым
Алапатын асырып алашымның мінберде
Ар жағына мұхиттың қазақ тілі мінгенде
Адамзаттың шешілердей дауы мың.
Ау, адамдар, өзен шіркін таза ақса,
Алаш біткен сөйлеп те кетсе қазақша,
Арман еді осы ойлар меңдеген,
(Азаттықты аңсамаған кемде-кем)
Асып бір төксе тілге арналған бау-бақша.
Ақылмандар аз ба бізде, мінкен ер,
Асқақ сөзді айтады әсте үлкендер.
Арық ойлы қара орыстар «қартаяр»,
Ал алаштың арда ұлы марқаяр
Ашылып жатса адами осы бір кендер.
Алты тіл еді БҰҰ-да өзі құрылған,
Ағылшын тілі, қытайдың тілі бұрыннан.
Арабтың тілі, әзелден бетер орысша,
Айғайлап келер жетінші болып сол ұқса –
Алаштың тілін көрерсің гөзел жырымнан.
Алақай дедік аспанға бөрік лақтырып,
Ана тілімізге осылай қанат қақтырып.
Ата-Түрік те ардақтап асыл дәстүрін
Аялаған ежелгі тәртіп-тәпсірін,
Арайлы таңын туған тілінің аттырып.
…Ана тілім-ай, аумағы зорды үйірші,
Алашым сөйтіп Ақорда келіп жиылшы.
Ақ сүтімдейсің анамның төсі саулаған,
Ақ пейіліңмен қалың елімді баураған,
Ақеділ болып ақтың ғой енді, Сүйінші!
Бақытжан Тобаяқ, Астана
Abai kz
Сөйлесе не болып қалыпты.?! Сонда қай тілде сөйлеуі керек еді? Құдды бір басқа планетаны ашқандай қуанған қазақтарға жол болсын! Ол осы елдің елбасы, демек сөйлеуге бірден-бір міндетті адам!
Өз басыма қазақша сөйлегені өте ұнады! Елімізде мемлекеттік тіліміз қазақша екенін кей бір адамдар ұмытып қалғандай…
қазақ тілін, ана тілін нағыз сүйетін азаматтар!
Екі өлең -екеуі де нашар. Көкіректерін шабыт емес -сауда кернеп тұрғандай. «Сүйреп салған тазы аң алмас»-дегендей көңілсіз күйден туылғаны көрініп тұр.
Неткен парықсыздық! Жарас сияқтылар «Президент барша әлемге қазақ тілін мойындатты»,-деп жазыпты.Енді бүкіл әлем қазақ тілін үйреніп , қазақша сөйлей бастай ма?! Адам баласының осынша жәркелештеніп төмендеуіне, намыстан жұрдай болуына бола ма?! Қазақ елінің президенті қазақ тілінде сөйлемей -ұйғырша, өзбекше немесе португал тілінде сөйлеуі керек пе еді? Қазақша сөйлесе -ол оның өз тілі, өз тілінде сөйлеуі міндеті емес пе?»Жерден жеті қоян тапқандай» жарыса жалпылдап жазып…
Елбасының қазақша сөйлегені ақындардың шабытын оятқан екен ғой. кейбіреулер даттап жатса кейбіреулер мақтап жатыр.
салауатты өмір сүру , қазақ тілін білу
өте жақсы қазақ тілін барлығы біледі
қазақ тіліне кәзір көп назар аударады
мынау деген тамаша бастама қазіргі тот тут то там шүлдірлеген заманда :bala:
Дұрыс айтасыңдар! Қазақша сөйлеп қана қоймай, бүкіл әлемді аузына қарата білді! :bala:
:bala: Қазақ тілінің мерейін асырды! Барлық қазақ елі болып қуандық-ау! :kulki:
Елбасының БҰҰдағы баяндамасында қазақ тілінде сөйлегені ақындарға шығармашылық жолында жаңа дем беруіне көрсеткіш болғаны айқын болды.
Елбасының БҰҰдағы баяндамасында қазақ тілінде сөйлегені ақындарға шығармашылық жолында жаңа дем беруіне көрсеткіш болғаны айқын болды.
Елбасымыз үнемі қазақ тілінде сөз сөйлеген, әмбе қазақ тілі мемлкеттік тіл, қай тілде сөйлейді деп ойлап едіңіздер! Бастысы оның көтерген бастамасы әлемнің назарына ілігіп, бейбітшілік пен тату өмірге бағыттағаны емес па!
Рас, халықты бір қуантып тастады мына тірлік. Бірақ жыр арнап кеткендері бір қызық болды ғой. Ана тілінде сөйлесе не бопты? Туған тілі емес па?
өте дұрыс. Енді басқалары үлгі алсын. Елбасы анда қазақша сайрағанда, мындағы шенеуніктер енді сайрайй көрмесін. Мәртебемізді өзіміз ғана көтеріміз.
Үлкен саяси аренада қазақша сөйлегені басқаларға үлгі, міндет. Баяғыда осылай істеу керек еді десек, тағы болмайды. уақыты келген күні осы екен. оған да тәубә. Нұрсұлтанның бұл саяси астарын барлығы түсінген шығар.
Еліміздің басшысын мақтан тұтамын. Қазақ тілінде сөйлеп жүр, сөйлеп келеді, сөйлейді де. Аман болайық.
Алғашқы жазылған өлеңнің бояуы керемет қанық екен. Ақындарымыз көсілді-ау бір. Тақырып табылды.
Дәл осы жиында Елбасымыз көсіліп сөйлей алды. Жүрегім шымырлап отырды. Ерекше әсерде болдық.
Әдемі өлең жолдары екен. Елбасымыздың БҰҰ сессиясындағы қазақша сөйлеген сөзін қаншама елдің естігені мәртебе екені рас. Бірақ Елбасымыз бұдан алдыңғы сөз сөйлеулері болсын, меркелерде де қазақша сөйлейтін еді гой.
Бұл олең жолдары барлық тарихта қалатын алғашқы БҰҰ трибунасынан Елбасымыз қазақ тіліндегі сөздерге арналғаны өте қуанышты жайт. Түсінеміз, қолдаймыз, әрі қазақ тілін құрметтейміз!
Біздің билікке тікелей нұсқау бермесе сөйлей қоймас.Елбасы өз міндетін дұрыс атқарды.енді сонша табыну дұрыс емес.уақыт келе мойынсұнып келеді.ертең халыққада жағдай жасау тиіс., бірақ олда оның тікелей міндеті.мен əрқашан дұрыс ісін қолдаймын.аман болсын
СЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІҢ… АЛТЫН АҒАМ…
(28 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі 70-ші мерейтойлық сессиясында баяндама жасаған Елбасымыз Нұсұлтан Назарбаев бастан-аяқ тек қазақша сөйледі.)
http://www.qazaquni.kz/?p=40972
Президент қазақ тілінде алғаш сөйлеп тұрған жоқ қой. Оған бола дүрлігу керек емес. Елбасы БҰҰ жұмысында қазақша да орысша да сөйледі емес па?
Елбасымыз БҰҰ трибунасында қазақ тілінде есеп берді әлемге танытты ол біз үшің үлгі соны ары қаратай жалғастыра берейік.
Қазақ пен қазақ қазақша сөйлескен күн тусың.
Қандай керемет жазылған өлең ,мағынасы қандай тамаша,осылайша үлгі алып өз ана тілімізді құрметтеп сөйлесейік.
:unatu: керемет
:unatu:
Қазақ тілі ана-тілім
Біздің Елбасы әр қашанда қазақша сөйлейді ғой
Нұрсұлтан Әбішұлы бұл қадаммен басқа елдерге Қазақстанның ешкімге тәуелсіз, егемен ел екенің тағы бір рет еске салғандай.
Президент барша әлемге қазақ тілін мойындатты деуге болады.
Елбасымыз осындай үлкен масштабты әлемдік деңгейдегі саммитте қазақ тілінде сөйлеп тұрғанда, неге қазақ қазақпен қазақша сөйлеуге жасқанады? Үлгі алыңдар
Керемет өлең жолдары. Өнеріңіз өрге жүссн!