АЙТМАТОВ ПЕН ШАХАНОВТЫҢ КІТАБЫ ҚЫТАЙ ОҚЫРМАНДАРЫН ДҮР СІЛКІНДІРДІ
2015 ж. 01 қыркүйек
22768
15
Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шаханов бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары»(Ғасыр айрығындағы сырласу) атты рухани философиялық, тарихи танымдық және махаббат хикаяларына құрылған эсселер кітабы дүние жүзінің көптеген тілдерінде аударылғанымен қытай тілінде жарыққа шыққан жоқ еді.
Мәселен, Қытай Халық Республикасының бір жарым миллионға жуық қазақ тұратын Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында Шахановтың әр кітабы бес-алты реттен қайта басылып, «ең көп оқылатын ақын» атанса да, «Құз басындағы аңшының зарының» өзі сегіз рет жарық көрсе де, қытай тілінде жарияланбаған болатын. «Құз басындағы аңшының зары»(Ғасыр айрығындағы сырласу) Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы атынан шығатын «Әдеби дүние» атты журналдың екі санында үлкен көлемде жариялануы қытай оқырмандарының ғана емес, кейбір қытай басшыларының да ерекше қызығушылығын тудырыпты.
Қытай тіліне белгілі қаламгер Қайша Тәбәрікқызы аударған Ш.Айтматов пен М.Шаханов кітабының тұсаукесері Қытайдың 25 миллионнан астам халық тұратын Шанхай қаласында өтуі және сол қалада 150 ге жуық мемлекет өкілдері қатысқан халықаралық кітап жәрмеңкесінде «Құз басындағы аңшының зарының»«адамзаттың ертеңгі күніне дұрыс бағыт, өнегелі тәлім-тәрбие беретін, соңғы жылдардағы «ең парасатты кітап»деп бағалануы айтулыүлкен оқиға болды.
М.Шаханов өз сөзінде қазақ халқының жеті атаға дейін қыз алыспайтынын, ал өзбек, түрік,әзірбайжан,ұйғыр және қытай жерінде тұратын өзге ұлттардың едәуірі туған ағасының қызын туған інісінің баласы ала беретінін, тіпті бір анадан өрбіген перзенттердің өзі бір-бірімен тағдыр қосып жататынын айта кетіп, мұның ұлттық генофондыға кері әсер ететінін әңгімеледі. Мысалы, қайбір жылы Еуропада«Қарасанауруы» бұрқ ете қалғанда, оның шығу себебі де анықталды. Малдың сүйегін ұн етіп тартып, онымен хайуанның өзін қоректендіргенде, мал екі-үш есе жылдамдықпен семіретін көрінеді.Егер, малға әкесі мен анасының сүйегі тап келсе, «Қарасан ауруы» шыға келеді екен. Ал Гвинея Бисауда әкесі немесе анасы қаза болса, оның миынұлдары менқыздарыныңқасықпен алып жеуі дәстүрге айналған.Олардың түсінігінше, осындай жолмен ғана ата-ана парасаты перзенттеріне жұғысты болады-мыс. Міне, сол елде де «Қарасан ауруына» ұқсас індет өріс алыпты. Өз сөзінде М.Шаханов осындай қызықты мысалдарды келтіре отырып, кезінде «Құз басындағы аңшының зарын» Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтың оқып,Ш.Айтматовпен және меніменжолығып, Өзбекстанда жеті атаға дейін қыз алыспайтын заң шығартқызатынын айтты.Кітапты өзбек тіліне аудартқызып, Айтматов екеумізді Өзбекстанға шақырып, үлкен ғылыми конференция өткізді.Әрі ол арнайы заң шығартқызып, өз уәдесін орындады. «Жуырда Әзірбайжан республикасында болғанымда, – деді М.Шаханов, – сол елдің бір белгілі ақыны, депутаты Айтматов екеуміз әңгімелеген генофонды төңірегінде Парламентте үлкен мәселе көтеретінін мәлімдеді.
Бұған қоса Шанхайда М.Шаханов 29 мемлекеттің ақындары қатысқан поэзия кешінде жыр оқыды. Жиында ЮНЕСКО өзінің арғы-бергі тарихында бір де бір көзі тірі ақынды қарамағындағы, ал Шахановтың «Өркениеттің адасуы» Жазагер жады космоформуласы(Шыңғысханның пенделік құпиясы) атты өлеңмен жазылған романдары туралы екі рет жиын өткізіп оның поэзиясын «осы замандық әлемдік поэзияның биігі» деп бағаланғандығы айтылды. Халықаралық поэзия кешіне қатысушылар тек Шаханов өлеңдеріне ғана орындарынан тұрып қол соқты.
Қытай Халық Республикасының 12 телеарнасы, 20-дан астам газеттері Айтматов пен Шаханов туралы және Шаханов әңгімелеген осызамандық көкейтесті проблемалар хақында жарыса пікір білдірді. Ғаламторлардағы қолдаулардың көпшілігі қазақ ақыны білдірген ойлардың төңірегінде болды. Сонымен Ш.Айтматов пен М.Шаханов бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» қытай оқырмандарын дүр сілкіндірді.
Сәуле АХМЕТОВА, Еркінбек СЕРІКБАЙ
qazaquni.kz