Ғұмырлы «Өнегелі өмір»

10250875_623788124374882_350237524_nҒибратты тарих сонау көне заманнан бастау алады десек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де дәл сондай ұзақ жылдық тарихтың қойнауынан сыр шертеді. «Өнегелі өмір» – өнегелі тұлға­лар­дың өмірі мен еңбек жолынан тұратын кітап аты айтып тұрғандай ғибратты өмірден көрініс береді. Кітапқа ел үшін еңбегі сіңген тұлғалар шығатындықтан, арнайы қағидаларға сүйенеді. Талаптарға сай халыққа қалаулы тұлғалардың қысқаша өмірбаяны, отбасы, қызметі мен жеткен жетістіктері, бағындырған белестері, жарық көрмеген ғылыми еңбектері басылып шығып, көпшілікке орыс және қазақ тілінде басылып, ұсынылады. Кітап сериясының бүгінде 30-ға жуық данасы жарық көріп үлгерді. Сонымен қатар, «Өнегелі өмірдің» қарашаңырақ – ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан жарық көретінін де айта кеткен жөн. Өнерде, ғылымда, өмірдің барлық саласында ерекше орны бар тұлғаны үнемі еске салып, даралап, еліміздің осындай мақтанышы болғандығын ұрпақ қолына жылдар бойы жеткізіп отыратын «Өнегелі өмірдің» ғұмыры шын мәнінде ұзақ. Еңлік ӘБДІҚАДЫР