Бекжан Әшірбаевтың жаңа жыр кітабы жарық көрді
2026 ж. 19 қараша
28
0
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Бекжан Әшірбаевтың «Жанартау» атты жыр кітабының таныстырылымы өтеді.

Дүйсенбідегі кеш аясында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасына арналған «Бекзат болмысты Бекжан» атты деректі бейнефильм көрсетіліп, «Жанартау» жыр кітабының таныстырылымы болады. Кешке Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы М. Құлкенов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі, ақынның анасы Ұлбике Әшірбаева, жерлестері мен баспа өкілдері, көрнекті ақын-жазушылар мен белгілі эстрада жұлдыздары қатысады.
Бекжан Әшірбаев биыл тамыз айында қайтыс болды. Оның туған күні 1974 жылдың 22 қарашасы еді. 23 қарашада өтетін кеш соған орайластырылып отыр.
Өтетін күні: 23 қараша, 2026 жыл. Басталуы: сағат 11:00.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Абай даңғылы, 14.