VIIІ Халықаралық Қашқари атындағы əңгіме байқауы жарияланды
2026 ж. 15 наурыз
71
0
Халықаралық марапаттау рәсімі
Кезеңнің жағдайына байланысты Онлайн немесе бетпе-бет форматта өткізіледі.
Қашқари атындағы Халықаралық әңгіме байқауына ат салысыңыздар! Жарыстың Құрылтайшылары - Еуразия Жазушылар одағы, ЮНЕСКО-ның Түркие Ұлттық комиссиясы және ТҮРКСОЙ Жазушылар одағы.
Конкурсқа қатысатын шығармалар
kmahmut2026@gmail.com
адресіне электрондық пошта арқылы
жіберілуі керек.
Тақырыбы : Еркін
Әңгімелерді жіберудің соңғы күні : 1 қыркүйек 2026 жыл
Халықаралық жүлделерді жариялау : 20 қазан 2026 жыл
Халықаралық жүлделерді : 8 желтоқсан 2026 жыл
марапаттау рəсімі
Халықаралық сыйлықтар : Бірінші орын : 45 000 түрік лирасы
Екінші орын : 25 000 түрік лирасы
Үшінші орын : 15 000 түрік лирасы
Ынталандыру сыйлығы : 10 000 түрік лирасы
Байқаудың шарттары
Байқауға қатысатын шығармалар kmahmut2026@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Байқауға ұсынылатын шығармалар бұған дейін ешбір байқауда жүлде алмаған және еш жерде жарияланбаған болуы керек.
Әңгіменің тақырыбы еркін.
Байқауға ең көбі екі әңгімемен қатысуға болады. Жіберілетін әр әңгіменің көлемі кемінде 1000 (мың), ең көбі 7500 (жеті мың бес жүз) сөзден тұруы тиіс.
Байқауға электрондық пошта арқылы жіберілетін әңгімелерде тек бүркеншік ат (румүз) ғана көрсетілуі тиіс; бүркеншік аттан басқа қатысушының кім екенін білдіретін қандай да бір белгі болған жағдайда, әңгіме байқаудан шығарылады. Әңгіме файлыңызда тек бүркеншек ат және әңгімеңіздің атауы көрсетілуі керек.
Байқауға қатысушы жеке куәлігінің көшірмесін, толық мекенжайын, бүркеншік атын, қатысатын елдің атауын, 1 дана цифрлық фотосын және өмірбаянын бір Word құжаты түрінде әңгіме жіберетін э-поштаға сол электрондық хаттың екінші қосымшасы ретінде жіберуі тиіс.
Шығармалар компьютерде 12 шрифт қарпімен жазылуы керек.
Байқауға жіберілген әңгіме мәтіндері қайтарылмайды, жазушы бұл жөнінде ешқандай талап қоя алмайды.
Әңгіме түпнұсқа болуы тиіс. Түпнұсқа емес шығармалар (мысалы, AI арқылы жазылған мәтіндер) қаралмайды.
Байқауға қатысатын шығармалар kmahmut2026@gmail.com
адресіне электрондық пошта арқылы жіберілуі керек.
www.ayb.org.tr