«БОСТАНДЫҚ ЖЫРЫНЫҢ БОЗЖОРҒАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МҮШӘЙРА ӨТЕДІ
2025 ж. 23 қазан
62
0
Астана қаласының Мәдениет басқармасы қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды.
Бұл мүшәйра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі! Мүшәйраның басты мақсаты: өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу.
Мүшәйра шарты:
Әр ақын екі туынды ұсынады:
Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;
Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).
Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған,
басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.
Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді.
Хатқа:
қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды,
екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.
Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.
Елдік рухтың еңсесін көтеріп, еркін ойдың көкжиегін кеңітер жырларыңызды күтеміз! Жанартаудай жалынды жыр, өр рухты өлең – азат елдің айбынын асқақтатсын!
Бәйге жүлдесі төмендегідей:
Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000
Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000
Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000
Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000
Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000
Байланыс тел: +7 747 702 9797