Қазақстанның Халық жазушысы Исрайыл Сапарбай өмірден өтті

Қазақстанның Халық жазушысы Исрайыл Сапарбай өмірден өтті

Қазақ әдебиетінің тағы бір бәйтерегі құлады. Белгілі ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, "Платина Тарланы" тәуелсіз сыйлығының лауреаты, "Парасат" орденінің иегері  Исрайл Сапарбай ағамыз келместің кемесіне мініп, жарық жалғаннан өтті. 

Ақынның "Аққу арман", "Бармақтай бақ",  "Махаббат пен Ғадауат" секілді көптеген өлеңдер жинақтары жарық көрген. 

Исрайыл Сапарбай 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр.

Қаламгердің барша ағайын-туыстарына, отбасы мен жақындарына "Қазақ үні" редакциясы атынан қайғыра көңіл айтамыз.

Ақынның асыл рухы пейіште шалқып, Алла тағала рақымына алсын! Жаны жәннатта, топырағы торқа болсын!