Нұрғали Ибрайым: Ұмтылды қалың елім өзгеріске

Нұрғали Ибрайым: Ұмтылды қалың елім өзгеріске

Күн туды көшетұғын сөзден іске, 

Ұмтылды қалың елім өзгеріске! 

Бұл Жолдау- жарамызды жазатындай, 

Ұзақ жылдар сыздатып төзген іште! 

Әркімнің тіліне еріп, көшіне еріп, 

Ерегістік. Еліттік. Есінедік. 

Бұл Жолдау - жабыққаның арқасынан, 

Қаққандай ең жанашыр досы келіп! 

Көктемнің соғып бүгін жылы ағымы, 

Бұрылғандай шөліме бұлақ үні! 

Бұл Жолдау- шәкіртіне жүрегінің, 

Сыйлағандай жылуын мұғалімі! 

Жағымды ойымызды татымды әрі, 

Бұл Жолдау жасқанбастан мақұлдады! 

Президент биіктен ашық сөйлеп, 

Билік те жалпақ елге жақындады! 

Ағылшы, ақтарылшы, ал, ағайын, 

Ай сәулесін, салғандай таң арайын! 

Ұлытаудан естіліп ат дүбірі, 

Қасымызда тұрғандай дара Абайым! 

Есін енді жиғанда еркін елі, 

Жетісу да жеңілдеп желпінеді. 

Алматыға мұңайып қарайтындай, 

Өрісінен тараған төркіні еді! 

Азаттық қолға тиген аралықта, 

Сүрініп жатқандар бар, қамалып та. 

...Күмәндардан арылтып баршамызды, 

Осы Жолдау бастасын жаңалыққа! 

Нұрғали Ибрайым, 

Шардара қаласы