Осы жолы Дулат пен Төлен Еңбек Ері атанар деп едім - Серік Пірназар
2021 ж. 23 желтоқсан
5051
2
Мен осы жолы руханият саласы қайраткерлері арасынан Дулат Исабеков Еңбек Ері атанатын шығар деп ойлап жүр едім. Сонау "Шойынқұлағы" мен "Гауһартасынан" бастап, бүгінге дейін бір деммен жазып келе жатқан Дүкеңде практически бірде-бір нашар шығарма жоқ. Ол бір замандары күллі Кеңес Одағы үлгі тұтқан Распутин, Астафьев, Бондарев секілді жазушылардан артық болмаса, бір де төмен қаламгер емес. Оның үстіне, қазір драмалары арқылы әлемге шығып кеткен сирек жазушыларымыздың бірі. Бұған қоса, Дулат аға, өзінің өте көп әріптестеріне қарағанда, өзіндік пікірі мен көзқарасы бар, соны ретті жерінде айта білетін азулы азамат.
Тап осы кісі секілді бірде-бір нашар шығармасы жоқ тағы бір талантты жазушы - Төлен Әбдік ағамыз. Екі құрдас әлі жазудың озық үлгілері болып келеді.
Ескерту: бұл - Әкім Таразидің Еңбек ері атанғанын күндеу емес. Біз қолтаңбасы ешкімге ұқсамайтын дара дарынның Қодарқұлы мен Кірпішбайын елдің ішінен де тауып алып өскен ұрпақпыз. Әкім ағамызды да жақсы көреміз. Мұхиттың арғы бетінен анда-санда сәлем жолдап тұратын Мұхтар Мағауинге де айрықша тәнтіміз.
Бұл кісілер - әлем әдебиетінде де үлкен орындары болуға тиісті тұлғалар. Қайта-қайта Нобель сыйлығына ұсынылып жүрген Муракамиден бәрі де артық.
Өз пайымым.
Серік Пірназар,
Қазақ үні