«ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапатталды

«ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапатталды


ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «2021 Балалар әдебиеті жылына» орай балалар мен жасөспірімдер шығармалары үшін «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауы жариялаған болатын. Байқау 2021 жылдың 2 тамызы мен 2 қазаны аралығында өтті. Барлығы 90 автордың жұмысы тіркелді.

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздары марапатталды. 

- Бізде бұрыннан «Бар жақсы-балаларға» деген қанатты сөз бар. Яғни, Ұлттық академиялық кітапхананың «Ер Төстік» атты балалар әдебиеті байқауы дәл осы жоғары талаптан шыға білді деп айта аламын. Өйткені, бәйгеге түскен шығармалардың көбісі шынайы шығармашылықтан туған үздік туындылар! Балаларымызды рухани қазынамен нәрлендіру -жарқын болашаққа деген Ақ жол! Бәйгеде жүлделі орындарға ие болған таланттарға табыс тілеймін! Әдеби әлемде алдарыңыздан Ақ жол ашыла бергей! - деді ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, әділқазылар алқасы мүшесі Қазыбек ИСА байқау туралы.

«Проза» жанры бойынша 1-орын жүлдегері Нұрбек Нұржан – «Кітап патшалығы» шығармасы үшін; 

«ЕРТЕГІ» номинациясы бойынша 1-орын жүлдегері Балнұр Қызырбекқызы – «Жоғалған сиқырлы таяқша туралы ертегі» шығармасы үшін;

«БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР» аталымы бойынша1-орын жүлдегері Шәмшия Жұбатова –«Өлеңдер» топтамасы үшін;

«ҮЗДІК ИЛЛЮСТРАЦИЯ» аталымы бойынша 1-орын жүлдегері Жеңіс Кәкен 

«ПРОЗА» жанры бойынша 2-орын жүлдегері Алтыншаш Құрманаева – «Шыны бала һәм оның басынан кешкендері» шығармасы үшін; 

«БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР» аталымы бойынша 2-орын жүлдегері Сағыныш Намазшамова – «Өлеңдер» топтамасы үшін; 

«ЕРТЕГІ» аталымы бойынша 2-орын жүлдегері Назерке Серікқызы «Мұзтау. Сиқырға толы күн» ертегісі үшін 

«ҮЗДІК ИЛЛЮСТРАЦИЯ» аталымы бойынша 2-орын жүлдегері Нүсіпхан Қадырсұлтан

«ПРОЗА» жанры бойынша 3-орын жүлдегері Мейіржан Жылқыбай – «Ертегілер елінде»фэнтези шығармасы үшін; 

«ЕРТЕГІ» номинациясы бойынша 3-орын жүлдегері Баян Болатханова – «Мейірбан жандар елінде» ертегісі үшін; 

«БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР» аталымы бойынша 3-орын жүлдегері Олжас Қасым. «Менің асыл достарым» топтамасы үшін; 

«ҮЗДІК ИЛЛЮСТРАЦИЯ» аталымы бойынша 3-орынжүлдегері Айсұлу Алмасбаева, иллюстрация топтамасы үшін марапатталады.

«АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ» 

ПРОЗА жанры бойынша «Жүсіпбек Аймауытов» атындағы арнайы сыйлық иегерлері: 

Асылан Қуанышұлы – «Қуыршақ» шығармасы үшін;

Әлихан Жақсылық – «Альпіні азат ету. Мәңгілік пирамидалар» шығармасы үшін; 

Ақмаңдай Иманғазықызы, «Қара теңіз» шығармасы үшін; 

Қанат Қайым, «Алабай» әңгімесі үшін марапатталады.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаев тағайындаған арнайы сыйлықпен Ділдар Мамырбаева, «Робот.Вирус.Сезім» шығармасы үшін; Заря Жұманова, «Ормандағы таңғажайып оқиғалар» шығармасы үшін марапатталады. 

«Қазығұрт» баспасы тағайындап отырған арнайы сыйлығы Марғұлан Ақан «Интернет өшкен түн» шығармасы үшін табысталады. 

Балаларға арналған өлеңдер бойынша Мұзафар Әлімбаев атындағы арнайы сыйлық: 

Арасанбай Естенов,«Өлең жаттап өсейік» топтамасы үшін; Асылан Тілеген, «Танымдық өлеңдер» топтамасы үшін; 

Абзал Бөкен, «Достық» микропоэмасы үшін; 

Назгүл Алаудин, «Өлеңдер» топтамасы үшін; 

«Ордаген» жобасы үйлестірушілері тағайындап отырған арнайы сыйлық Айдана Сегізбаеваға «Өлеңдер» топтамасы үшін;

Республикалық «Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы тағайындаған арнайы сыйлық «Мен де беске толамын» өлеңдер топтамасы үшін Ернұр Сейдахметке табысталады. 

«ЕРТЕГІ» бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы арнайы сыйлық: Ертегішілерді қолдау мақсатында академик, «Құрмет» орденінің иегері, денсаулық саласының үздігі Қайрат Айдарханұлы тағайындаған арнайы сыйлық Рузанна Жанболатқа, «Кірпияз кірпі» ертегілер жинағы үшін беріледі.

Жас жазушыларды қолдау мақсатында белгілі жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжан тағайындап отырған арнайы сыйлық Асхат Өмірбаевқа, «Ғажайып қалам иесі» ертегісі үшін; Марфуға Ахметоваға«Сказка о ветре» ертегісі үшін беріледі. Сол сияқты, жас ертегішілерді қолдау мақсатында «Heritage» қорының арнайы сыйлығы Зәуре Төрехан, «Айша және үй пірлері» ертегісі үшін; Нұрислам Әбділ, «Жеті күн» ертегі поэмасы үшін беріледі. Сондай-ақ, осындай жас жазушыларды қолдау мақсатында ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл тағайындаған арнайы сыйлық «Ер Төстік» балалар мен жасөспірімдер шығармаларына арналған байқаудың ең жас қатысушысы Рәзия Акпарға «Жолбарыстың телефоны» шығармасы үшін ұсынылады. Ауған соғысы ардагері Бақытбек Смағұл тағайындап отырған осындай сыйлық Мира Сембайқызына «Дос іздеген ұшақ» ертегісі үшін беріледі. Ертегішілерімізге осындай тағайындаулы сыйлық республикалық «Қазбілім» орталығы атынан Камал Әлпейісоваға «Кішкентай автобус туралы ертегі» шығармасы үшін; Рүстем Сауытбайға «Ғажайып түстер» шығармасы үшін беріледі.

«ҮЗДІК ИЛЛЮСТРАЦИЯ» аталымы бойынша арнайы сыйлық: Қайрат Жәйірбек иллюстрация топтамасы үшін беріледі.