Ұлықбек Есдаулет Еуразиялық құрмет белгісімен марапатталды

Ұлықбек Есдаулет Еуразиялық құрмет белгісімен марапатталды

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Еуразиялық құрмет белгісімен марапатталды. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл «Еуразия әлемі – XXI ғасыр» жаһандық еуразиялық жақындасудың мемлекетаралық форумы ұйымдастыру комитетінің ресми сыйлығы. Жоба Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігімен, Еуразиялық экономикалық комиссиямен және Мәскеу қалалық Думасымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

«Еуразиялық Құрмет белгісі биыл бекітілді, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет оның алғашқы лауреаттарының бірі атанды», - делінген Елшілік сайтында.

Мәскеуде орналасқан Қазақстан Елшілігінде өткен марапаттау рәсімінде «Еуразия әлемі – ХХІ ғасыр» форумының марапаттау кеңсесінің мүшесі, Бүкілресейлік суда құтқару қоғамы Кеңесі төралқасының мүшесі Юрий Безридный Ұлықбек Есдәулет «Қоғамдық қызмет» және «Мәдениет» номинациялары бойынша елдерді, мәдениеттер мен халықтарды Еуразиялық жақындастыру ісіндегі көп жылғы еңбегі үшін марапатталғанын атап өтті.

Өз кезегінде Ұлықбек Есдәулет Еуразия кеңістігінде шығармашылық байланыстар мен мәдениеттер диалогын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қазақстан мен Ресей өкілдері арасындағы шығармашылық байланыстар қайта жандануда.

Еске салсақ, 2014 жылдың қараша айында Мәскеуде екі ел жазушыларының кең ауқымды кездесуі өтті.