Белгілі қазақ қаламгері өмірден озды

Белгілі қазақ қаламгері өмірден озды

Белгілі жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы өмірден озды. 

Жазушы 1947 жылы 30 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Киров атындағы колхозда (қазіргі Кенен ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1972—1980 жылдары аудандық «Қордай» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Жамбыл облыстық газетінде меншікті тілш, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының Бас редакторы, Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының Құрметті мүшесі, Қазақстан жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры болған.

«Қазақ үні» редакциясының ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл білдіреді. Иман байлығын беріп, алды пейіш, арты кеніш болсын.