СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БІРТУАР» ЖӘНЕ «УНИКАЛЬНЫЙ» АТТЫ КІАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

СӘУЛЕ ДОСЖАННЫҢ «БІРТУАР» ЖӘНЕ «УНИКАЛЬНЫЙ» АТТЫ КІАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Біртуар» және «Уникальный» атты кітаптарының тұсаукесері болып өтті. 

Жазушының «Біртуар» және «Уникальный» атты кітаптарында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем кубогының иегері Жақсылық Үшкемпіровтің дүниеге келуі мен балалық шағынан бастап, ер жетіп, ессею жылдарын, үлкен спортқа келуі, қалыптасуы сынды сатылы баспалдақтардан өтіп, Олимпиаданың жеңіс тұғырына көтерілуге дейінгі өнегелі де үлгілі өмір жолы баяндалады. 

Кітап жас оқырмандар үшін тәлімдік, танымдық ғибраты мол тәрбие берері сөзсіз. 

Жазушы Сәуле Досжан өз кітабы туралы былай дейді: «Замандастарым мен жас жеткіншектер алға қойған арман-мақсаттарына жету жолында үлгі алатын тұлға, жетістікке жетем дегендер үшін өшпес ізі өнеге болатын қаһараман, ұлттық намыстың үлгісіне айналған қазақ батырының біздің замандағы дара бейнесі – Жақсылық Үшкемпіров деп танып, осы романды жаздым». 

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, Олимпиада чемпионының балалары, кітапханашылар және т.б. қатысты. 

Жазушының «Біртуар» және «Уникальный» кітаптары 2021 жылы Алматы қаласында шықты.