Белгілі шетелдік қаламгер Швециядан Әбдіжәміл Нұрпейісовке сәлем жолдады (видео)
2021 ж. 18 мамыр
6247
0
Белгілі орыс жазушысы, әдебиет сыншысы, дипломат, бүгінде Швецияда тұратын Борис Панкин Қазақстандағы досы, қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Қазақ үні" ақпарат агенттігі арқылы сәлем жолдады.
Онда жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен бірге Аралды аралаған күндерін жылы еске алып, қаламдас досының хал-жағдайын сұрайды.
Сонымен қатар, дипломат белгілі қазақ ақыны, Мәжіліс депутаты Қазыбек Исадан осы видеоны жеткізуге көмек көрсетуін сұраған.
Атап өту керек, Борис Панкин КСРО-ның Білім министрі, кейіннен КСРО-ның Ұлыбритания мен Швециядағы елшісі қызметтерін атқарған. Публицист, журналист. "Строгая литература" кітабы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атанған.