Аса көрнекті қазақ ақыны Есенғали Раушанов өмірден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті.

Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.

Есенғали Раушанов 1995 жылдан «Жазушы» баспасының директоры қызметін атқарып келді.

Ақынның «Келінтөбе», «Шолпан жұлдыз туғанша», «Ғайша бибі», «Қара бауыр қасқалдақ» атты оқырман қауымға жақсы таныс көптеген жыр кітаптары жарық көрген.

Қазақ КСР-і шығармашылық жастарының «Жігер» фестивалінің тұңғыш лауреаты,  "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің кавалері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

"Қазақ үні" редакциясының ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Алды пейіш, арты кеніш болып, асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын.