Ұлмекен Лесбек: Шыңға біткен шыңыраулы Шынардай

Жас өскіндерге азаматтық, ағалық қамқорлығын танытып жүрген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса ағама. Сырға толы ақындықта ғұмыры, Сынға толы азаматтық тұғыры. Қараңғылық қадамына қалқалап, Надандық шақ құрған кезде салтанат. Ақ қарасын ажыратпай, оп-оңай, Маймылға да медаль таққан, о, тоба- ай! Оң мен солын танымайтын шақта бұл, Ар мен ұят жағынан кіл тап-тақыр, Азаматтар және арсыз ұйымдар, Шығаратын құр арзанқол бұйымдар. Аңқау елге қу-арамза молда боп, Тілде бар да, қолда жоқ, Уәдесінен жалт бұрыла тайғандар, Қауым елге бола қалып «пайғамбар». «Жамандарды» көрсетіп жүр «жақсы» қып, Қу құлқыннан аса алмайтын басшы қып. Қайран елің, о басынан, адасқақ, Талаптыға тас атуда қасас тап. Бұл арнадан, ләйім, елің жаңылсын, Қайта «Әділдік» тұғырынан танылсын. Көр-надандық дәуренінен бақ тайып, Мінберіне қайта шықсын Хақ лайық! Халық әділ беріп сонда бағасын, Төрден қайта көрер ақын Ағасын. … Асау, сірә, асау болмас сыналмай, Жан айқайын жапан дүзде шығармай. Тамырынан сыздап аққан сел болып, Шындығын да таныр жұртың Ел болып. Шыңға біткен шыңыраулы Шынардай, Саялатып, қаншама жас өскінді, Мың жасай бер! Мұнаралы Тұрандай! Ұлмекен Лесбек,  Фейсбук парақшасынан