Қаламгер Әнес Сарай өмірден өтті

Белгілі жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әнес Сарай дүниеден өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай Төлендіұлы 1937 жылдың 21 қарашасында Ресей Федерациясының Астрахань облысына қарасты Володар ауданының Құрмалай ауылында дүниеге келген.

«Еділ-Жайық» трилогиясы секілді көптеген шығармалардың авторы.

"Қазақ үні" редакциясы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.