"ҚАЗАҚ ҮНІ" көкке өрлеп, жалындағай - Наурызбай Жарбосынұлы
2020 ж. 12 тамыз
1426
0
ҚАЗАҚ ҮНІ газетінің 20 жылдық мерекелі қадамы құтты болсын!
Əр сөзі сезім сыйлап лағыл,арай,
Дабысы боп қазақтың дабылдағай. Қазақ тілі құдіретін тұғыр тұтып, 'ҚАЗАҚ ҮНІ" көкке өрлеп, жалындағай.
Əр сөзі адам жанын елжіретсін, Ой маржанын мойылдай мөлдіретсін. Қазақтың ар-намысын, рухын құттап, Қазақы сөздің туын желбіретсін.
Ұлттық дəстүр, ғұрыппен сəн құрсын кеп, Жүрегін оқырманның жандырсын тек. Қалғу көрмес ғасырлар керуенінде Тілеймін "ҚАЗАҚ ҮНІ " жаңғырсын деп.
Наурызбай Жарбосынұлы,
Ақын