Жазушы Қажығали Мұхамбетқалиұлының асы келер жылы өтеді

Қаламгердің бір жылдық асы пандемияға байланысты келер жылу өткізілмек.

Бұл туралы Мұхамбетқалиевтер әулеті мәлімдеп отыр.

«Қадірлі жамағат! Құрметті абзал ағалар, апалар, туыс-бауырлар, достар! Асыл жарым, өмірлік серігім болған, жазушы, прозашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қажығали Мұхамбетқалиұлының өмірден өткеніне біршама уақыт болып қалды. Қаралы күндері қайғымызға ортақтасып, көңіл айтқан барша жұртымызға әулетіміздің атынан алғыс білдіреміз. Еліміздегі індетке қарсы енгізілген шектеу шараларын ескере отырып, отбасымыздың шешімі бойынша Қажығали Мұхамбетқалиұлының 1 жылдық садақа асын келер 2021 жылы шілде айында өткізуді жөн көрдік. Өткізілетін орны мен уақытын алдын-ала хабарлайтын боламыз» дейді жазушының жары Сұлухан Илиясова.

Қажығали Мұхаметқалиұлы үстіміздегі жылдың 13 шілдесінде өмірден озған болатын.