Төлеген Жанғалиев: Үрейдің үні

Тапқызбас ешбір себебін, Өлім, өлім, тағы өлім. Тоқтайтын күні бола ма? Тойымсыз мынау пәленің.   Түнде бар адам, таңда жоқ, Сабырсыз ажал салды әлек. Көшеге шығып қараймын, Көршілер аман, сау ма? - деп!   Ахырет суға алынбай, Ақ кебін дұрыс жамылмай, Жасырын жатыр көміліп, Жақсылар "халық жауындай".   Бүгінгі күнім үрейлі, Ертеңге иек сүйейді. Ертеңнің өзі сенімсіз, Еріксіз жүрек жүдейді.   Барар жер, басар тау қалмай, Барамыз сиреп ормандай. Халқымды қалай жұбатам, Қанатсыз, халсіз, сормаңдай?!   Дауасыз дерттен дем бітіп, Панасыз елді жер жұтып Қаңырап қалсақ қайтеміз, Ойлаймын соны, тер қысып!   Ойлаған сайын қорқамын, Күдікпен атып әр таңым. Бар болшы, аман-сау болшы, Байлығым, Елім, байтағым! Төлеген Жанғалиев, Қазақ  үні