СӘБИТ МҰҚАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалымен бірлесіп белгілі қазақ жазушысы, академик, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 120- жылдық мерейтойына орай «СӘБИТ МҰҚАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ» атты республикалық ғылыми онлайн конференция өткізді.

Конференцияның негізгі мақсаты қазақ әдебиетіндегі барлық жанрда қалам тербеген академик, қайраткер, жазушының қоғамдық атқарған қызметтері мен әдеби мұрасын насихаттау және әдебиет зерттеулеріндегі еңбектерін жас ұрпақтың жадында сақтау үшін рухани асыл мұрасын дәріптеу болып табылады. Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Күлаш Ахмет, «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас директоры, «Мағжан» журналының бас редакторы, Қазақстанның Құрметті журналисі, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жандос Смағұлов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Рахымжан Тұрысбек, Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сағынбай Жұмағұлов, сондай-ақ, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапханашылары қатысты.

Конференцияның онлайн көрсетілімі ZOOM.us. платформасында және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының әлеуметтік желілердегі Фейсбук және Instagram парақшасынан тікелей эфир арқылы көрсетілді.