Серік Тұрғынбекұлы. БҮГІНГІНІҢ БИІ

Қазыбек Исаға Есімің елге мәлім, Би атында. Соншама қызықпайсың, Сый – асылға. Көрініп тұрады ылғи Адамдығың – Бойдағы арың менен ұятыңда. Ұлтының жүрегіне Ұялаған. Шынында – Біздің Қазыбек зиялы адам. Орыны оқырманның ортасында, Көрген жоқ оны ешкім би алаңнан. Таттырдың оқырманға Тілдің дәмін. Көп сеуіп кеуделерге Гүлдің дәнін. Бір үміт жанарыңда шырақ жағып, Білемін – Қабағыңда бір мұң барын. Тартқан бір, Тауқыметі азабының – Жырының, Өлеңінің, Ғазалының Қадірін, Қасиетін сонда ғана Біледі ел, Оқыған соң «Қазақ үнін». Байланған баяғыда арға басы. Соғылған талай-талай жарға басы. Бәлкім ол, Ертіс те емес, Есіл де емес, Өзінің жарқыраған Шардарасы. Заманның байқап біліп қас-қабағын, Тақпайды жөн-жосықсыз басқаға мін. Көрдім мен жауыздықты ауыздықтап, Жолынан жалмауызды - жасқағанын. Айтады ойын бүкпей – сөзін ашық. Керенау – Көрсоқырдың көзін ашып, Үнемі ұлылықты ұлықтаған, Болған соң сұлулыққа өзі ғашық. Отырсаң – Лайықсың төр басына, Сөзіңнің тәнті болдым жорғасына. Еліңнің қайғысы мен мұңы сенде, Келген соң – 50 деген Ер жасына. Заманының ахуалы – күйіне еріп, Асыл сөз – Алқымыңа жиі келіп... Баяғы Казыбек атаң секілденіп, Сөйлей бер – Бүгінгінің Биі болып! Серік Тұрғынбекұлы, Астана, 04.10.2012 ж.