Қазыбек Исаның жыр кеші өтті
2012 ж. 05 қазан
2170
2
«Сырымды айттым далаға». Осындай атаумен Алматыда қоғам және мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Қазыбек Исаның 50 жасқа толу мерейтойына арналған жыр кеші өтті. Шығармашылық кешке белгілі ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері қатысты. Шарада Қазыбек ақынның 10 өлеңіне жазылған әндер орындалды. Сондай-ақ, «Мұңлық-Зарлық мұқамы» дастаны бойынша театрландырылған қойылым көрсетілді. Қазыбек Жарылқасынұлы – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Еңбегін ұстаздықтан бастаған ол бірнеше газеттерде редактор қызметін атқарды. Қазіргі уақытта оқырман қауым сүйіп оқитын «Жас қазақ үні» газетінің жетекшісі. Ақынның «Керімсал», «Тәтті шөл», «Қызыл жыңғыл» атты жыр кітаптары бүгінде поэзия сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген.
Қазыбек Иса, «Жас қазақ үні» газетінің Бас директоры, ақын:
Биыл бес томдығым жарыққа шыққалы жатыр. Екі том поэзия жайында, екі том мен туралы жазылған мақалалар. Осының барлығы да 50-ге келгендегі елге беретін тек есепті дүниелерім, деп бағалаймын. Поэзия, дейтін мәңгілік дүние. Сондықтан да, оқырмандарына есеп беріп, соңғы жазған шығармаларымды оқып, елдің алдында поэзияға, деген бүгінгі руһани құндылыққа, деген олардың ұмтылысын арттырсам, осы кештің нәтижелі болғаны.Айгүл ЕРМАХАН http://kaztrk.kz