Алматыда «СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты жыр кеші өтеді

3
1217

Сіздерді дарынды ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері, «Жас қазақ үні» газеті жетекшісі Қазыбек Исаның Ердің жасы –елуге толған мерейтойына байланысты өтетін
«СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты Жыр кешіне шақырамыз. Кешке белгілі қаламгер-қайраткерлермен бірге Ж.Жексенұлы, А.Мейірбеков, Ж.Сейдолла, Айгүл Иманбаева, Нұр-Мұқасан тобы және т.б. өнер жұлдыздары қатысады.
Кеш Алматыда 2012 жылы 4 қазан күні сағат 18.00-де
Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда (Төле би- Ш. Қалдаяқов кк..) болады. Келем деушілерге есік ашық. Кеш теледидарға түсіріледі.

3 ПІКІРЛЕР

  1. Маңдайын күнге күйдірген
    Табанын жерге тілдірген
    Қаймана қазақ ақысын
    Қайтару үшін жүрмін мен
    деп өзің жырлаған , ана тілі өз елінде «екінші сортты тіл» болып отырған халқыңның мәртебесі үшін күресте үлкен табыстар тілейміз !
    Өмір жасың ұзақ, бақытты болып, аңсаған ізгі армандарыңның орындала беруіне тілектеспіз !

  2. Қазбек аға, мерей тойыңыз құтты болсын!!!!!!!!!!!!!!! Шығармашылық табыс тілеймін! Отбасыңызға, балаларыңызға зор денсаулық! Бетіңізден ешқашан күлкі кетпесін!

  3. ҚАЗЫБЕК ІНІМ,жасыңа жас қосылсын,мерейтойың құтты болсын ! ! !
    Бала – шағаңның алдында ойнап – күліп жүре бергейсің,
    сау – саламат болғайсың !

    Жаман ағаң.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз