Сая ЕЛЕУ. ӨТКЕН КҮНДЕР – УАҚЫТҚА БАҒЫНУ…

5
2563


*Жас қалам  

 АЯУЛЫ АНАМ

(Анам Айсұлуға)  

«Бала, бала, бала» деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұздай бесік таянған.
Ы.Алтынсарин.

 

Ананы аңсаған жаным,
Сағыныштан сарылды
Жан бар ма жалғанда түсінер жанымды?
Мөлдіресе де жанарда ыстық жас алмастай,
Нәзік тұлғам күтуден мәңгі талмастай…

Көрген жоқпын ана мейірі мен жарқын
жамалын,
Тастай қараңғы түнек өмірге тесіле қарадым.
Балалықтан шығып бойжеткен гүл шақта,
Тапсам деп жүрмін мен шуаққа жетудің амалын…

Байқасам бұл заңы екен алдамшы өмірдің
Ойпаты мен қырлары көп мынау өңірдің
Сол өңірден сүрінбей, жығылмай өтсең сен,
Көрерсің түрленген сәулесін мұңды көңілдің…

Сыздатпандар ақ журегін асыл ананың,
Ол үшін қажет пе тәлімі дананың.
Ардақтау парыз ғой аяулы жандарды
Анаға арналсын адамзат, бар әнің!
ЖАН АҒА

Ерте кетті әлпештеген анамыз
Жетім қалған біз бір зарлы баламыз.
Хақ жолынан ауытқымай ешқашан
Рухқа биік айқын жолмен барамыз!

Болайықшы біздер бірге жұбаныш,
Аяулы апа, елге мынау қуаныш.
Жүректегі жараларды сірә біз,
Көзден тамған ыстық жаспен жуамыз.

КӨҢІЛСІЗ КҮНДЕР

Көңілсіз күн өтіп жатыр зырғып әр,
Ол күндерді тек ақындар жыр қылар.
Ол бір күндер болып қалар енді елес,
Сызды жүрек қалай оны тербемес.

Ой толқыны қайтар соғып жағаға,
Әрбір күнді босқа өткізбе, бағала…
Қайран күндер біреулердің арманы,
Бар шындығы және де бар жалғаны…

Өткен күндер жүрегімнің азабы
Кеткен күндер өмірімнің тозағы.
Өткен күндер – сағынышпен сарылу,
Өткен күндер – уақытқа бағыну!..
Сұрқай күнді кімдер бүгін ұнатар,
Ондай күндер талайларды жылатар.

Ондай күндер өткеннің бір белгісі,
Құлазуға келер кімнің келгісі?!
Өткен күндер оттай ыстық сезімдер,
Өкініші енді ғана сезілген…
Оқ қадалған сызға толы жүректер,
Орындалмай қалған аппақ тілектер…

ҚҰРБЫМА
«Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да,жыласаң да қасында…»
У. Шекспир
Аяулым, асылым, жан құрбым,
Бірге ойнап, бір күліп, сән құрдық.
Түңілсем,  түнекті өмірде,
Күндей боп нұр шашып сен тұрдың!
  Ризамын мен мынау тағдырға!
Ел сенген үмітті ақтайық!
Төзетін дауыл мен жаңбырға,
Достықты әрдайым сақтайық.

 

ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНДА
 
Ағамның үйлену тойына
Келген  ел түсірді  өткенді ойына…
Ағатай, ақ отау көтерген,
Ешқашан енді сен мойыма!
Қалыңдық ақ жүзді ақылды,
Ағамды  ой теңізі батырды…
Анасын аңсады-ау аялы,
Кей кезде мұңданып  қояды.
Ой тұңған  көздері  мөлдіреп,
Бар дүнием кетті ғой  елжіреп.
Тас  тағдыр бізді көп қинады,
 Жүректер жүкті ауыр  жинады…
Тұрса да күлімдеп жарының жанында
Ағамның жанары бөленген сағымға…
Жүрегін  шарпыған мұң маған белгілі,
Алдыңнан арайлы күн шықсын  ендігі…

 

ӘЖЕЛЕР
Әулие бар әлемде әже деген,
Әжелер ұрпақ жолын межелеген.
Өткізген талай-талай ғасырларды,
Ардақтайық әрдайым асылдарды
Бесігінде тербелген бал бөбегі,
 Салтымыздың солар ғой сәулелері!
Ақылмен айтатұғын білім сырын,
Әжелерге теңеймін  күннің нұрын.
Халқымның осылар ғой кемеңгері
Бағасын  есейгенде білдім бүгін!
 
 
 
 


5 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақтың осындай, Саягүлдей терең мөлдір ойлы, жаны сұлу қыздары барына қуанамын!.
    Семен танысуға деген ойымды мақұлдайсын деген сенімдемін, саған деген құрметпен Ғалымжан.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз