
(Аманхан ақын қазасына)
Аллаға кəміл жүрегі,
Азалай түсем шайырды.
Қазақтың қасқа ұлы еді,
Қазасы болсын қайырлы.
Елде де,
менде сабыр жоқ:
Еңселі ерден айрылып.
Күңірене түсер Тəңір-Көк,
Қара жер тұр-ау қайғырып...
Сұм-ажал жынын қоздырса,
Қайғыға көңіл
батады.
ЖҮРЕКТІ АҚЫН КӨЗ ЖҰМСА-
ЖҮРЕКТІ ШЫМЫРЛАТАДЫ.
Жарқырап өтті-ау бір дарын,
Ауада қалқып жұпары.
Жалынға тұнған жырларын
Ұрпақтар байрақ тұтады.
... Жас қабір тұрсын іргемде,
Ажалға ақын көнбейді.
... АДАМДАР АМАН ЖҮРГЕНДЕ
АМАНХАН АҚЫН ӨЛМЕЙДІ.
Наурызбай Жарбосынұлы