Талғат Теменов: Абайдай жылар ем, Жас берсең көзіме

ЭЛЕГИЯ Жатырмын үн-түнсіз, Жатырмын шалқайып... Құлаймын, сүрінем, Тұрсам да талтайып. Көршіміз "сау" десе Қаламыз марқайып, Өң мен түс арасы Жүргенім қалқайып... Үйқамақ дала да, Үйқамақ қала да, Кемпір-шал, ит-мысық, Үйқамақ бала да. Тағы да саз шығар Қайдасың "Ән- аға"?! Барлығы ұйқыда Сәуле бер санаға... Жеп қойғыш әкімі, Үндемес ақыны, Қарсы сөз айтып көр Ұрады, соғады. Өзге емес, өзіміз Қазақтың жақыны, Туласаң, жұлқынсаң Салады сапыны... Жатырмыз тіріміз, Қазақтың біріміз. Үш адам бас қосса, Бәріміз іріміз. Отыз жыл өлмеген, Мықты екен сіріміз. Тезірек кетсе екен, Үстімде- кіріміз. Кетсе екен бұл індет, Кетсе екен арамдар, Ақшаға құныққан, Қызылкөз Харамдар. Таң атар ертең де, Тұрыңдар Адамдар. Отыңды, Отанды, Сатыпты надандар. Сабыр бер, Аллам-ау, Сабыр бер өзіме. Абайдай жылар ем, Жас берсең көзіме. Қиналдық бәріміз, Жасымыз кәріміз. Тұршы тез көрейік, Атар таң- Сәріміз. Ояншы ағайын, Тұрыңдар бауырлар. Төбенің астында, Біз туған Ауыл бар. Соғатын алдыңнан, Дүлей күш дауыл бар. Шаң-тозаң басылар, Алда да Жауын бар... Талғат Теменов