Алматыда Достық үйінде Жастар жылының салтанатты түрде ашылуы өтті
2019 ж. 15 ақпан
2151
0
Алматыда Достық үйінде Жастар жылының салтанатты түрде ашылуы өтті, - деп хабарлайды qazaquni.kz ақпарат агенттігі.
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л.А. Прокопенко, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, «Жарасым» РЖБ белсенділері, Алматы қаласындағы колледждер мен ЖОО студенттері қатысты.
Шара барысында Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» РЖҚ «JASTAR JYLY – DANǴYL JOL!» атты жобасы бастау алып, «Нұрлы жүрек» еріктілер қозғалысы құрылатындығы туралы мәлім етілді.
Жиналғандар еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың негізі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына оң баға беріп, Жастар жылында Ассамблеяға мүше жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырауды сөз етті.
Сонымен қатар, «Менің жетістігім – елімнің жетістігі» атты шығармашылық кездесу барысында қатысушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, таңдалған салада өз жетістіктері туралы айтып берді.