"Ақ жол" партиясы Елбасы Жолдауын талқылады
2018 ж. 05 қазан
3970
0
Бүгін Астанада "Ақ жол" партиясының бас ғимаратында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Шараға партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаттары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Жиын барысында мәжіліс депутаты Азат Перуашев Елбасы Жолдауында айтылған өзекті мәселелердің ішінде партияның жұмыс бағытына кіретін басым салаларды атап өтті. Мысалы, Президент атап өткен шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған салық амнистиясы мәселесін "Ақ жол" партиясы 2012 жылдан бері көтеріп келеді.
Мысалы өткен жылы ғана бұл тақырып негізінде Үкіметке депутаттық сауал жолданған болатын. Онда Салық кодексінің кейбір нормаларын қайта қарау, адал кәсіпкерлерді артық салықтан босату секілді маңызды экономикалық факторлар қозғалған болатын.
Партия төрағасының сөзінше, Елбасы Жолдауындағы көптеген мәселелер "Ақ жол" тарапынан бұған дейін де көтеріліп, қоғам талқысына ұсынылған. Жиын барысында сөз алған депутаттар мен Орталық Комитет мүшелері және партия белсенділері алдағы уақытта да Мемлекет басшысы атап өткен негізгі бағыттар бойынша жұмыстарды атқаратынын жеткізді.
qazaquni.kz