Қапшағайда полиция қызметкерлері үш адамның өмірін құтқарып қалды

Қапшағай қаласынының қалалық жағажайында суға батып бара жатқан үш адамды жергілікті полицейлер құтқарып қалды. Оқиға шілденің 15 күні орын алған.

Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.

Әлеуметтік желіде үш адамды ажал аузынан аман алып қалған полиция қызметкерлерінің есімдері жарияланды:

1) Аға Лейтенант - Қыдыралиев Шерxан;

2) Полиция Лейтенанты - Толебай Нұрбол Құрманғалиұлы;

3) Полиция Лейтенанты - Баяндин Шыңғыс Елдосұлы;

4) Полиция Аға Лейтенанты - Дабылдаев Асхат;

5) Полиция Капитаны - Пішембаев Досбол.

[caption id="attachment_87618" align="aligncenter" width="516"] Скриншот Н. Бекеннің парақшасынан алынды[/caption]

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы маңындағы Қапшағай су қоймасында 4 адамның суға кеткені туралы да хабарлаған едік. Аталмыш қайғылы оқиға да шілденің 15-күні орын алған.

«15 шілде күні таңғы сағат 06:00 шамасында Қапшағай су қоймасына шомылуға келген 28 жастағы әйел суға батып кетті. Сол күні түскі сағат 12:00-дерде 16, 20, 23 жастағы жас балалар суға батты",- деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов..