Азат Перуашев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады (ФОТО)

Кеше Астанадағы "Hangri Rabbit" ресторанында "Ақ жол" партиясының ұйымдастыруымен журналистер күніне арналған мерекелік шара өтті. "Ақ жол" төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Өз сөзінде Азат Перуашев қоғам дамуындағы журналистердің рөлі орасан зор екенін айтып, төртінші билік өкілдерінің өз жұмысына адал болуын қалайтынын жеткізді. Мәжіліс депутаты барлық мәселеде тілшілермен ашық пікір алмасуға дайын екендігін білдіріп, олардың елдің экономикалық-саяси өмірін сауатты насихаттауын қолдайтынын айтты.

Шараға сондай-ақ, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, белгілі қаламгер Арман Сқабылұлы секілді есімі елге белгілі тұлағалар қатысты.