Азат Перуашев "АЛАШ АРЫСТАРЫНА ТАҒЗЫМ" шеруін өткізуді ұсынды

31 мамыр -  саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық күні - "Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары мен Орталық кеңсесінің қызметкерлері қуғын - сүргін құрбандарына арналған "АЛЖИР" қасірет кешенінде болып, гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" порталы.

«Ақжолдықтар» іс-шараның соңында жазықсыз жапа шеккен жандардың аруағына қол жайып, құран бағыштады.

"Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әрiптестерiне келешекте осы күнi қуғын-сүргiнге ұшыраған аталарының суреттерiмен шығуды ұсынды.

- 31-мамырда құрбан болған арыстар суреттерін алып шығатын шеруді «Алаш арыстарына тағзым» деп, немесе «Мың өлiп, мың тiрiлген Алаш» деп атау керек,- деді «Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев.

Ақжолдықтар  ашық аспан астындағы мұражайды аралап, зұлмат жылдардың  қасіретімен танысты.

Qazaquni.kz