Ең басты масқара, георгий лентасы еш тосқауылсыз таратылуда!..
2015 ж. 24 сәуір
6016
7
ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке,
ҚР Бас прокуроры Дауылбаевқа
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасы Н.Әбіқаевқа
«Нұр-Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қ.Байбекке
«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты А.Перуашевке
Ашық хат
Сіздерге Президент сайлауы алдындағы Павлодар қаласындағы қоғамдық ахуал жөнінде айтпақпыp. 1.Георгий лентасының 1941-45 жж. екінші дүниежүзілік соғысқа еш қатысы жоқ екені тарихтан белгілі . Сондықтан да Қазақстан мен Беларус елі сол кезде кеңес империясының құрамында болғандықтан, әкелереміз бен аталарымыздың сол соғысқа қатысқандығының белгісі ретінде арнайы символика бекітілді. Бұған себеп болған, 18 ғасырлардан басталған «За походы в Центарьную Азию», «За взятие г.Чимкента», «За хивинский поход», «За покорение ханства Кокандского», «За отличие на Кавказ и взятие штурмом крепости Геокъ-Тепе»,«Георгиевский крест», «Орден святого Георгия победоносца» ордендері осы лентаға бекітілетін болған. Бқд ордендер өз бабаларымыз Кенесары ханның, Исатай мен Махамбетің, Кавказдағы Шәмілдің т.с.ұлт-азаттық көтерілістерді жаншып отырғандарға берілген. Аталмыш лента 2006 жылдан бастап Ресей мемлекетінде жеке қолданысқа енгізіліп, сәл кейін біздің елде де таратыла бастады. Қазіргі интернет жүйесі арқылы халық көп жағдайларға қанық. Осыны білген қазақ, өзбек, ұйғыр, басқа да Орталық Азия халықтары, кавказдықтар, украиналықтар, басқа ұлт өкілдері жаппай сатылып жатқан осы ленталарға қатты наразы. Қазіргі соғыс жағдайында бұл лента Украина үшін де басқыншылықтың символы болып отыр. Бұл лентаны тарату-ел ішіндегі тыныштықты бұзып, арандату. Кеңес уақытының өзінде 9 мамырда алаңғы шыққан ардагерлер тек орден-медалдарын, не оның орнына планкілерін тағып шығатын. Ешкімнің лента тақанынын көргеміз жоқ. Бұндайды қадағалап, келеңсіз жайттардың алдын алып отыру міндеті жүктелген Павлодар облысы Ішкі саясат басқармасы қол астындағы БАҚ-тарға 15.04.2015ж. «Егемен Қазақстанда» үкіметпен бекітіліп шыққан мемлекет символикасындағы лентаны болса да (өкінішке орай онда да георгий лентасы, белгісіз себеппен белгіленген?) насихаттауға жол бермей отыр. Бұл жөнінде әкімшілік газеттері - «Ертіс медиа» ЖШС басшысы Неволин: Сіз облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Копенов мырзамен сөйлесіңіз» деп отыр. Бірақ ол кісі мені жылдар бойы бір рет те қабылдамаған. Орынбасары Р.Шәмкенқызы «қарастырамыз» деп отыр. Олар 1 айдың ішінде қарастыруы мүмкін... БАҚ-тар арқылы еш ақпарат таратқысы келмей, мемлекет символикасындағы көгілдір лентаны насихаттамай отырғандары, облыстағы, қаладағы болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алуы емес, керісінше болуын қалап отырған жоқ па екен деген ой тудырады. Бұл мәселеде, ең басты масқара, мемлекет 9 мамырға арналған өз символикасын бекітсе де, георгий лентасы еш тосқауылсыз таратылуда. Мағына жағынан: бір лента еліміздің көгілдір рәміздері түстес, патриоттықты насихаттайтын символикасы деп есептелсе, басқасы, көзі ашық қоғамға, Ресейдің отарлаудағы басқыншылығымен ұштасатын символы ретінде қабылданады. Сонымен Тәуелсіздік жылдары негізінен ынтымақта қалыптасқан елдің қоғамы екіге бөлінуде! Бұған ең басты кінәлілер билік басындағылар. Бұл жағдай, мемлекетіміз одақтас Ресейдің қабағынан қорыққандықтан, өз қоғамын өзі екіге бөліп отыр деген сөз. Әу баста бұл Еуразиялық экономикалық одақ тек экономика саласын қамтиды деген сөздер жайына қалып, еліміздің қоғамы екіге бөлінуі қауіптілігінен де, көршінің қабағы қорқыныштырақ болып отыр ма? Осы сұраққа біздің елде кім жауап береді?!. 2.Қаламыздың қазақ тілінің масқара жағдайы жазыла-жазыла жауыр болды.. Мемлекеттік тілге аз да болса демеу көрсетпекке Кутузов көшесінде тұрған бос билбордқа (алдында «Здесь может быть и ваша реклама» деген жазуы болған), Тілдер заңынан: «Қазақ тілін білу - Қазақстан Республикасының азаматтарының парызы» дегенді жазуды қояйық. Бірнеше азаматтар өз қаражатымызға істейміз» дегенімде облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Р.Шәмкенқызының: «Ол біздің құзыретімізде емес, бірақ сен кім едің соны қоятын» -деген жауабын алдым. Яғни, облыстық ішкі саясат басқармасы Атазаңымызға, Тілдер туралы заңымыздағы Мемлекеттік тіл туралы баптың насихатталуына қарсы болып отыр... Сол билбордке қарсы, көшенің арғы бетінде ертелі-кеш орыс тілін жарнамалайтын билборд тұр. Паузалары тек орысша музыкамен толтырылған! Қалада көп жерде тұр сондай билбордтар. Қазақша жарнама 10 пайыздан аспайды. Қазақша әндер ешқашан болған емес!- Павлодар облысы әкімшілігі тек Ресейдің тілінде ғана жұмыс істейді.