Екі түрлі тілдік орта екі мемлекет секілді - Еркін Стамшал

Біздегі екі түрлі тілдік орта екі мемлекетте тұрып жатқандай әсер береді. "Огни Алатау" газетінде (15.08.2020 ж.) шегарашылар күніне орай Талды асуында "бандалармен" шайқаста қаза тапқан Севостьян Кривошеин "ерлігі" дәріптеліпті. Василий Зрыбныхтың материалын "қашан жарық көрген деп ойлайсыз?" деп жұмбақ қып жасырса, оқырман, сөз жоқ, кеңестік риторикаға жорыр еді. Сол "ақ гвардияшылар", "бандылар", "жаудың оғы" т.б...

20-30 жылдарда босқын жұртты қынадай қырғандар әлі батыр саналады. Олардың есімімен шегара заставасы аталып, бюст онатылған, мереке сайын гүл шоқтары қойылады. Газетте-мадақ мақала. Ең бастысы, осының бәрі күні бүгін, Тәуелсіз Қазақстан бюджеті қаржысы есебінен.

Еркін Стамшал, Фейсбук парақшасынан