Әлімхан Ермеков атындағы аллея ашу ұсынылды

Қарағанды «Ақ жол» партия филиалы, Қарағандының орталық көшелерінің бірі Ә.Ермеков атындағы көшеде Алаш партиясының белгілі қайраткері, еліміздің шекарасын белгілеп, заңдастыруда орасан еңбегі сіңген Әлімхан Ермековке, «Дом печати» деген кеңсенің қасында аллея ашып, бюстін қою, жас-үлкеннің кездесер бір әдемі жеріне айналдыру жөніндегі ұсынысты, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек атына дайындаудамыз. Сол мақсатта бүгін Қарағанды «Ақ жол» партиясының бір топ мүшелері жиналып, қазақ елінің мемлекеттік қайраткері, біртуар азаматы марқұм Ә. Ермековтың мазар басына барып, рухына тағзым етті.

Болашақ алаң жастар үшін жоғары тәрбиелік маңызы бар, елге пайдалы істерге жігерлейтін, мемлекетшілдікті үйретер, тәлім берер, мақтан тұтар сүйікті аллеясы болса деген ойдамыз. Бұл жобаны іске асырарда қала тұрғындары және жалпы халықпен ақылдасып, хабардар етіп отырамыз.

Бейбіт Күлмағамбет,

Фейсбук парақшасынан