Бронхының алғашқы белгілерін короновирус індетімен шатастырмайық - Жасан Зекейұлы

Соңғы кездегі еліміздегі денсаулық саласындағы күрделі жағыдайға қарап отырып, халқымыздың ғасырлар бойы сыналған ғаламат тәжірибесі - ең көне заманнан келе жатқан ем-дом тәсілдеріне баса назар аудару қажеттігіне көз жетеді. Дертке дауа, жанға шипа - Ұлы даламызда қанат жайған ұлттық медицинамыздың бұл ретте орны бөлек.

Қазіргі уақытта өршіп тұрған өкпе сырқаты басты тақырыпқа айналды.Тыныс жолдары арқылы адам ағзасындағы өкпеге түсетін вирус инфекцияларының әсерінен пайда болатын аурулардың бірі -бронхы. Бұл дерттің медициналық ғылыми негіздегі анықтамасына үңілсек, бронхит - бронхы кілегей қабығының қабынуынан пайда болады. Тұмау мен қызылша, көкжөтел сияқты аурулардан дұрыс емделмесе, соңы бронхитке әкеледі. Ал, дер кезінде бронхитке ем-шара жасалмаса, бұл өкпенің тұтастай домбығуына шалдықтырады. Жалпы бронхит жас талғамайтын ауру. Үлкен кісілермен қатар жас балаларда да жиі кездесе береді. Бронхының жеңіл түрінен маман кеңесіне құлақ аса отырып, бір апта мен үш апта аралығында толық жазылып шығуға әбден болады. Иә, жазылып кететінін айтып, біз осындай дертке ұшырағандардың бойына сенім ұялатқымыз келеді. Себебі, соңғы кезде ел арасында қалыптасқан ахуалға байланысты сәл жөтел қысса, немесе бронхының алғашқы белгілері байқала бастағаннан адамдар аты жаман короновирус індетімен шатастырып, жазылмайтын ауруға шалдыққандай қатты уайымға салынуда. Тест тапсырып, қажетті антибиотиктерді артық мөлшерде пайдаланып жүргендер де баршылық. Яғни, үрей жүйкені жұқартып жүйесіздіктерге жол ашып жатыр. Осы жағдайды ескере отырып, адам ағзасында бронхы ауруының пайда болу себептері мен одан айығып кетудің жолдарына тоқталмақпыз.

Кіріспе сөзде айтқанымыздай, негізі адам ағзасындағы өкпенің ақауына байланысты туындайтын дерттердің бірі бұл - бронхы. Сөз басында осы бронхының пайда болу себептері мен адам ағзасының толықтай тыныс алуын қамтамасыз ететін өкпенің қызмет жүйесіне тоқталып кетсек.

Дәстүрлі медицинада бұл тыныс жолының дертін өкпенің қабынуы деп айтуымыз керек. Бұл халықаралық термин бойынша бронхы - пневмания деп айтылады. Бірақ аурудың көбі осы тыныс жолы, жоғары тыныс жолының қабынуы арқылы келеді. Бұл жалпы өкпе қабынуы барлық адамдарда болуға тиісті ауру. Ол қалыпты құбылыс. Өйткені, мәшинаның да "өкпесін" тазалап тұратын, ауаны

тазалап тұратын сүзгісін үш айда бір, алты айда бір ауыстырып тұрамыз. Шаң тозаңын қаққызып, орнына жаңасын салдырып отырамыз. Ал адамның өкпесін солай ауыстырып, тазалап тұратын мүмкіндік болмай тұр. Бірақ, Алла тағала адамға үлкен қуат берген. Өкпе өз-өзінен қызметін жүргізе береді. Өкпенің ішкі клеткаларын екі мың есе үлкейтетін микроскоппен қарайтын болсақ, онда өрмекшінің торынан да ұсақ сан милиондаған клеткалар бар. Солар жиылып өкпені құрайды. Бейнелеп айтқанда, сол жағыңызда екі қанат, оң жағыңызда екі қанат өкпе тұрады. Ал енді сол өкпенің әр түтікшесінен, әр талшығынан, оттегінің өтетін тесіктерінің араларының барлығына біз кепілдік бере алмаймыз. Сол үшін біз барлық адамдарға ескертеріміз, өкпесіне суық тиіп сәл жөтеліп қалса қорықпау керек. Жөтел адам ағзасындағы өкпеге деген сақтық, ол қорғаныс. Жөтелу функциясы арқылы адамның ағзасына жиналып қалған шаң-тозаң, микробтар мен керексіз химиялық заттарды, және адам ауамен демалған кездегі оттегіден басқа керексіз көмірқышқыл газын, шығарып тастап отырады. Сол көмірқышқыл газының да кейбір қосылыстары осы қақырық жөтел арқылы шығады.

Өкпенің өте күрделі қызмет жүйесін реттейтін, сауықтыратын бұл ең алдымен таза ауа екендігін әлемдік ғалымдардың көбісі насихаттап жатыр. Қазіргі уақытта көпшіліктің елеп-ескере бермейтін, көңіл бөлмейтін бір мәселесі - таза ауаның өкпеге беретін пайдасына назар аудармауы.

Біздің өкпеміз таза ауамен жиі-жиі демалып отыруы керек. Қазір тіпті кейбір жұмыс орындарының ғимаратын еуропалық үлгіде жасап, терезесіз салып жатыр. Онда табиғи ауа болмайды. Әсіресе Астананың ауасы ешқандай вентиляцияны керек етпейтін ауа еді. Мен шет елдерде жиі боламын. Алтай аймағына барғанымда кәдімгі газ таситын бөшкеге вагон вагон өңірдегі тау ормандағы табиғи ауаны кіргізіп, Шанхай, Пекин жаққа тасып жатыр. Осы саф алтын ауаны сатып жатыр. Міне олар түнде үйлеріне сол ауа толтырылған құрылғыларды кіргізіп, мұрындарына кислород сияқты арнайы құрылғыларды қойғызып демалады. Ал біз не істеп жатырмыз? Сол таза ауамен өзіміз демалмай ғимараттарға біреудің қалдық - вентеляциясын қойып, денсаулығымызды құртып жатырмыз. Ол өте қауіпті.

Ауа бір жақтан кірсе, бір жақтан шығып тұруы керек. Вирус өлтіретін дизинфекция жасау қажет. Ол қайда кетеді? Оның шлагы, уыты бар. Ол өкпеден шығып кетпейді. Ағзаға жиналып, адамды улайды. Қанды ұйытады. Ғалымдар дабыл қағып жатыр. Адамның вирус ыстығын көтеріп, тек қабыну процесін жүргізіп ғана қоймай қанды ұйытып өлімге апарып соғады.

Осы ретте дәстүрлі медицинаның білікті өкілі ретінде айтарым, өздеріңіз жақсы білесіздер, соңғы кезде бронхының алғашқы белгілерін короновирус індетімен шатастырып, уайымға салынып жүргендердің қарасы көбейді. Сондай кісілерге қандай дәрігерлік кеңес берер едіңіз деп меннен жиі сұрайды.

Өмірдің тірегі әрекетте. Сіз таңнан тұрып таза ауамен тыныстамсаңыз, кешке жақын тамақтанып болған соң ұйықтай салмай, бір-екі сағат таза ауамен демалмайтын болсаңыз ағзаңызға өзіңіз ауру тауып беріп отырасыз. Қарапайым мысал, қазіргі қаланың баласын алып қараңыз. Бетон және көмірқышқыл газы сорып қойған қаланың баласында қуат жоқ, күш жоқ, өң жоқ сұрланып кеткенін көреміз. Жайлауда ағарған ішіп, ат мініп, лақ қуып ойнап жүрген балаларды көріңізші, беттері қып-қызыл, күш-қуаты бойында тұр. Біз бет-әлпетіне қарап-ақ, 30- 40% диагноз қоя аламыз. Адамның бет-әлпетінің өзі де іштегі ауруды көрсетіп тұрады. Көз жүректің айнасы. Тіл мен ерін бауыр мен көкбауырдың айнасы. Бет өкпенің айнасы. Сондықтан осының бәрін зерттей келе біз бір бөлмеден шықпай отыратын адамдардың тез ауыратынын дәлелдедік. Үйден шықпай отыратын адам көлікпен бір жерге барып келгеннің өзін көтере алмай қалады. Өйткені, онда қуат жоқ, күш жоқ. Біз керісінше табиғатта көп жүруіміз керек. Табиғатқа жақындағаннан кейін табиғат бізді өзі емдейді. Осы бронхы дертінен айығу үшін біз табиғаттан күш алуымыз керек. Өкпе тыныс жолдарының қабынуы, қанат жолдарының іріңдеп кетуінен қорқып тек жаман ауру деп қабылдамауымыз керек. Қазір бәрі қол жетімді. Өкпені түсіріп, ауруын табуға болады. Үрейленбеуіміз керек. Қорыққанға қос көрінеді дегендей қорыққан сайын басқа ауру жамап аламыз. Санаға, миға қандай жаман ой береміз, сол жаман ойың келеді. Сол үшін бұл ойды дұрыстауымыз керек.

Жалпы дәстүрлі медицинаның бір артықшылығы, бұл табиғи, нәрлі қуатты тағамдар топтамасын науқасты емдеу процесінің бір парасы ретінде қарастырады. Енді осы ретте бронхы ауруының бетін қайтарып, өкпенің қызметін күшейту үшін көпшілікке қандай тағамдарды көбірек тұтыну қажеттігі мен ғасырлар бойы тәжірибесі толысқан ұлттық медицинамыз науқастарды қандай шөп дәрілердің көмегімен айықтыра алатындығын айта кетейін.

Жылқы сорпасы мен қойдың бір қайнатпа қара сорпасы, қой майын қосқан ыстық сүт аталған ауруларға мың да бір ем. Алтынтамыр, адамшөп, жаужұмыр қызылмия және ерте көктемде гүлі әппақ болып төгілетін ақжүрек шөптерін пайдалануға кеңес берер едім. Ол ақжүрек шөбін қазір шет елдерге тонналап әкетіп жатыр. Біз болмайтын ақшаға беріп жатырмыз. Соны өзіміз неге жасамаймыз? Өзіміздің отандық өндіріс арқылы соларды шығаруымыз керек еді

ғой. Сол шөптер тыныс жолды тазалайды. Күндетікті өмірде шайдың алдында қайнатып, ішіп отыру керек. Жалбыздың да пайдасы көп. "Жалбызды жерде жан қалады" дейді қазақ. Жалбызды үш мезгілде де тере беруге болады. Алып қой да, шайға қосып іш. Өкпені, қанды тазартады. Өкпеге ең бірінші шұбат ішкен дұрыс. Қымыз сосын сиырдың сүтін ішкен абзал. Жатарда тек айран ішіп отыру керек.

Ауруды жаратқан Алла оның шипасын да қоса жаратқан Алла дейді дін ғалымдары. Аурудың өзінен, оның үрейі жаман деген екен бұрынғылар. Сол үрейге бой алдырмай сабырға сүйеніп, мамандар кеңесіне құлақ асып, оны дұрыс орындай білсек, беті қайтпайтын, емі табылмайтын ауру болмайды.

Жасан Зекейұлы,

медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик