Коммунистердің ұлтшылдарға қарсы шығуы үлкен саяси қателік - Бейбіт Күлмағанбет
2020 ж. 16 тамыз
2289
1
Ұлттық саясаттың жеңіс күні!
Күтпеген бір хабар келді - коммунистердің Бас прокуратураға жазған ашық хаты. Оқыдым, көңілімнен шықты. Сенесіз бе, қуанып та қалдым. Неге дейсіздер ғой ? Коммунист партиясы - суырлар сияқты індерінен басын шығара бастапты, ұлшылдарымыздың олардың ұяларына құйған сулары жетіп, сыртқа айдап шыққан сияқты. Елін ойлаған ұлтшыл азамат және азаматшаларымыздың айтқан сөздері, жасаған істері босқа кетпеген екен. Соған қуандым. Бұл бір жеңіс күні түсінген адамға.
Жылы жүзді, барлығына қой үстіне бозторғай қонатын заман уәде етуші коммунистердің басшысы А.Конуров, депутаттар Ж.Ахметбеков, Смирноваларға қандай "радикал" ұлтшылдар түстеріне кіре қалды екен, тұра салып Бас прокуратураға шағым айтатындай?
Қандай "радикал" қазақ біреудің жағасынан алып, митингіге шығып басқа ағайын ұлттарға зорлық- зомбылық жасауда ? Хаттағы әр жазылған сөз жалған, қазақ еліне күйе жағу. Бізде болмаған " радикал қазақ" түсінігін қалыптастыру, ұлтараздық тудыру. Бұл тікелей арандатушылық. Коммунистердің бұл хатынан жалпы қазақ елін жақтырмайтын мінездің астары көрінуде. Қазақтың өз мемлекетіндегі орнын , өткен - кеткенін , жақсы - жаманын, дос пен дұшпанын айырар кез келгенін сезінуі үшін өте пайдалы бір хат болды бізге . Аяғымызды байлаған коммунизм идиалогиясының елімізге қандай зарар - зиян бергенін еске алар, коммунисттерден құртылудың күттірмейтін іс екенін бар жан - тұлғамызбен түсінер маңызды бір кез келгенін сезіндік. Бір ел болып , ашаршылықты, карлағты есімізге түсіре, тағы бір рет түршіге қорқыныш сезіне отырып, қолы қанға белшесінен батқан, жексұрын коммунизм идиологиясынан түбегейлі құтылар уақыт келгенін түсіндік. Қазақ елімен бір бола алмайтындар ,тықыр таянғанын сезіп әрекетке көшкендей болуда. Бұдан кейін Бас прокуратураның жазатын жауабына, айтар пікірлеріне көңіл бөлуіміз керек. Бір уыс қана , қолдайтын электораты аз коммунист партиясыны жақтап, ұлт белсенділеріне қарсы әрекет жасалса, онда бұл үлкен саяси қателік болады. Себебі , унитарлық мемлекеттің негізін әлсіретеді. Қазақ елі болса унитарлық мемлекеттің негізінің өзі, қазақ еліне, ұлттық болмысына, құндылықтарына қарсы қандай да бір әрекет жасалса , ол мемлекеттің өзіне қарсы жасалған қылмыстық әрекет саналуы тиіс. Бұл жолыда комунисттердің ел тарихында болмаған "радикал" қазақтар немесе ұлтшылдар деген жалған термин енгізіп, толерантты қоғамымызға іріткі салуы - қоғамымызда ұлтараздық бар деген шындыққа жатпайтын түсінікті қалыптастыруға тырысуларын көрсетуде. Қазақ елі өз мемлекетінің тағдырын өз қолына алу жолында. Мемлекеттік символдардың нығайуын, оның ішінде мемлекеттік қазақ тілінің статусын жоғарлатуын заңды талап етуде. Осындай талаптардың күшейуін "біздің" коммунист - депутаттарымыз "радикал" ұлтшылдыққа жатқызуда. Ал бүгінгі хаттарындағы жазулары болса 1986 жыл, желтоқсан айларындағы " казахский национализм" деген айып тағуларымен қалай әдемі үндесуде. Тек, қазіргі " біздің " коммунист-депутаттар қазақтарды "наркоман" деп атамауға ақылдары жете алған екен. Осындай партия біздің болашаққа жұмыс істеуде ма, қазақ еліне қызмет етуде ма?
Әрине, жоқ ! Қуантатын жәй , ұлттық идиалогиямыздың уыты қарсыластарымызды шарпып, ұйықтап жатқан коммунистік партияныда оятып жіберіпті. Жылы жүзді көрінуге тырысатын коммунисттер, бет перделерін алып тастап, өршелене ұлтшыл - мемлекетшілерге қарсы шығуы, қызылдардың заманының біткенінің белгісі. Ұтымды кезді пайдаланып, ел болып, осы аты өшкір коммунистік партияны парламенттен қуып, түбегейлі жапқызып, артынан жарығын сөндіруіміз керек.
Қазақ елі, болашақ ұрпақ , бостандық пен демократия үшін!
Бейбіт Күлмағанбет,
Фейсбук парақшасынан