Ұлттық спорт жанашырына айналған азамат

Бүгін белгілі ұлттық спорт жанашыры, ұлтжанды азамат, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының "Көкпар" спорты бойынша вице-президенті Мұхтар Имашевтің дүниеге келген күні. Мұхтар Есенбекұлы Имашев 1970 жылы 8 тамызда бұрынғы Шымкент облысы Сайрам ауданы Ақтас елді мекенінде көп балалы отбасында дүниеге келген. 1987 жылы Ақжар орта мектебін тәмамдады. Мұхтар Имашев Шымкент қаласындағы Мемлекеттік Технология университетінде «инженер-экономист» мамандығы бойынша және Қазақ Мемлекеттік Заң университетінде "заңгер" мамандығы бойынша білім алған. 1993-1996 жылдар аралығында Шымкент облысы Қаржы бақылау басқармасында инспектор-ревизор лауазымында қызмет атқарды. 1997 жылдан қазіргі кезге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді. 2007 жылдан Nur Otan партиясының тұрақты мүшесі. Кәсіпкер Мұхтар Есенбекұлы бірнеше жылдан бері ұлттық спорт жарыстарының жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, қауымдастық ұйымдастырған көптеген іс-шараға белсене араласып келtді. Өткен жылы желтоқсан айында өткен Алқа мәжілісінде ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу спорт түрлері бойынша жаңадан тағайындалған федерация басшылары мен вице-президенттерді көпшілікке таныстырған болатын. Сол жиында "Көкпар" спорт түрі бойынша Мұхтар Имашев Қауымдастықтың вице-президенті қызметіне тағайындалған.