Алматы – Үшарал жаңа әуе рейсі ашылады

QAZAQ AIR Қазақстанда ішкі рейстердің кеңеюі туралы хабарлайды. 9 тамыздан бастап Алматы – Үшарал әуе қатынасы ашылады. Енді Алакөл көліне жету оңайырақ.

Жаңа әуе бағыты ойынша аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) екі қала арасында ұшақ қатынайтын болады. Билет бағасы 12 841 теңгеден бастап. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік.

Алматы (11:25) – Үшарал (12:20)

Үшарал (09:50) – Алматы (10:40)

Үшарал қаласына келген соң, көлдің өзіне шамалы ғана жүру керек. Бірінші және жақын жер көптеген туристік орталықтар және турбазалар орналасқан Ақши кенті болады.

Әуекомпания Қазақстан ішіндегі бағыттарды көбірек қамтуға тырысады. Осылайша, қазақстандықтар еліміздің өңірлері арасында ыңғайлы және қол жетімді бағамен саяхаттай алады.

Рейстің қазіргі талаптары - маска режимі, әлеуметтік қашықтық және әуежайда температураны тексеру.

Әлеуметтік байланыстарды азайту және әуежайда күту үшін сізден www.flyqazaq.com веб-сайты арқылы алдын-ала онлайн тіркелуді сұраймыз.

Әрбір жолаушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету QAZAQ AIR авиакомпаниясының ерекше басымдығы.