Байқоңырда Ленин емес, Тоқтар Әубәкіровтің ескерткіші тұру керек - Байбота Қошым-Ноғай
2020 ж. 27 шілде
2408
0
"Қызылорда облысы" атты үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көрген жолсілтеменің (путеводитель) бір данасы қолыма тигелі де біраз болған. Туған жердің орны әрқашанда бөлек қой. Енді осы жолсілтемені асықпай ақтарып шығып, біздің әлі күнге толық тәуелсіз ел емес екенімізді аңғарып, қатты қынжылдым.
Байқоңыр қаласында коммунизм көсемі В.И.Лениннің алып ескерткіші бүгін де мызғымай-ақ тұр екен. Осы орынға қазақтың тұңғыш ғарышкері, халқымыздың батыр оғланы Тоқтар Әубәкіровтің ескерткіші тұруға әбден лайықты-ақ қой!
Бүгін - ардақты ағамыз ТОҚТАР ӘУБӘКІРОВТІҢ ТУҒАН КҮНІ. Ағамыздың деніне саулық, өзіне ұзақ ғұмыр тілейміз. Қазақтың Тоқтар секілді арда перзенттері көп емес, ағайын!
Байбота Қошым-Ноғай, Фейсбук парақшасынан