Роза Мұқанова: Мұндай "мәдениетпен" аман қала аламыз ба?

Осы біздің ұлттың расында өзгеден ақылы кем бе дерсің... Далада сайран құрған менің қазағым. Дүкенде иін тіресіп тұра беретін де менің қазағым. Жазғы кафелерде отбасымен ашық-шашық тамақтанып отырған да менің қазағым. "Сәл әрірек тұрып, дистанция сақтаңыз" дегендерді боқтай жөнеледі. "Жанармай құйғызуға бетпердесіз кірмеңіз!" десе, тіресіп, өзеуреп, қызылкеңірдек болып, айқайға салады. Бет пердесі сөмкесінде жүреді, қалтасында немесе иегінің астында тұрады. Ақырып, бақырып түшкіре салады, түкіре салады. Ескерту жасасаң басың бәлеге қалады. "Мұның қалай?" десең, күледі... Күледі. Ең қорқыныштысы күлетіні. Күлеміз деп қырылып жатырмыз... Айналайын-ау, ел қара жамылып еңіреп жатыр ғой, менің қазағым неге күледі?...Несіне жетісіп күледі, кімді алдап күледі?..

Мұндай "мәдениетпен" аман қала аламыз ба, ЕЛ қатарына қосыла алармыз ба?.. Ұрпағымызды сақтай аламыз ба, білмедім...

Роза Мұқанова, Фейсбук парақшасынан