"Бірде-бір палатада ИВЛ жоқ": Ерікті ауруханадағы жағдай туралы

Бүгін таңертеңнен кешке дейін облыстық ауруханада ерікті ретінде жұмыс жасадым.

Кәдімгі қара жұмыс. Ковидпен (немесе жұқпалы пневмания) ауырып жатқан науқастарға даладан аурухананың екінші, үшінші қатарына кислород балондарын тасыдым, өз қолыммен қостым, және босаған балондарды төменге түсірдім.

Не көрдім? Өмір мен өлім күресін көрдім.

Ауа жетпей қиналғандарды көрдім.

Аянышты жанарларды көрдім, барынша өзін ұстауға тырысып, күресіп жатқандарды көрдім.

"Балам, палатама тағыда қосымша 2-3 балон әкеліп кетші, қазіргі балоным таусылса керек қой" деп жалынған жандарды көрдім.

"Бақытты бол балам" деген қарияларды көрдім.

БАТЫРЛАРДЫ көрдім. Иә, иә, кәдімгі осы күннің батырлары. Олар менен 10 күн бұрын келіп, күндіз-түні науқастарға зілдей ауа балонын тасып, шын мағынасында өлімнен құтқарып жүр. Олар тіпті ауа балонын науқасқа қосу үшін баклашканың тығынын үйлерінен керек размермен тесіп дайындап алып келеді екен, әйтпесе ауа түтікшесі дұрыс бекітілмейді екен. Науқастардың тым көптігінен азаннан кешке дейін дамыл таппайды екен.

Баклашкасы несі дерсіз. Иә, кәдімгі баклашка. Кислородный балоннан шыққан ауа түтікшемен жартылай су толтырылған баклашкаға барады, сосын ылғал ауа екінші түтікшемен адамның мұрнына барады.

Ал бұл өткен ғасырлырлық қолдан жасалған құрылғы неге қолданылады дерсіз? Жауап: себебі, ИВЛ ЖОҚ! Бірде-бір палатада ЖОҚ, орнына жоғарыдағыдай кислород балондары мен баклашкадан құралған құрылғы! Жүздеген науқастарға!

Және, бұл зілдей ауыр балондарды сонда жасайтын медсестралар таси алмайды, тіпті әкеліп берген балондарды ауруларға өз беттерінше жалғай алмайды, себебі оған тек ер адамның әлі келеді.

Ал медбраттарды көрмедім. Демек 10 күннен бері кислородный балон тасып, науқастарды құтқарып жүрген Асхат Ахатұлы және @Талғат Турганбаев деген екі БАТЫР, олар ақысыз еріктілер. Және еріктілердің тамағын, басқа да керек жарағын ұйымдастырушы Мира Есниязова деген келіншек, мен үшін ол да БАТЫР. Әрине басқа емдерді жасайтын медбикелер өз алдына. Еріктілер келместен бұрын не болғанын елестету қиын тіпті.

Дәрігерді сирек көресіз себебі өте аз, бәріне үлгермейді.

Күні бойы хабарласып, қолдау білдірген, сақ болуымды өтінген Азаматтық кеңес / Гражданский совет- тегі әріптестеріме көп рақмет. Және ештеңе етпес, екі өлмек жоқ, АЛЛАНЫҢ қалауы болады.

Не түйдім?

Бір жұтым ауаның қадіріне әлемнің ешбір байлығы жетпейді екен....

Және, мұнайлы астананы бәлен айда ИВЛ-мен қамтамасыз ете алмағандар бір күні ауыр жазаға тартылатындарына үміттенем.

Арман Рахмет, Фейсбук парақшасынан