13 шілде ұлттық аза тұту күні болып жарияланады - ҚР Президенті

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды baq.kz. "Әр қазақ менің жалғызым" дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын, - деді президент. Мемлекет басшысы бұнымен күрес тоқтамайтынын айтты. Біздің күресіміз жалғаса береді. Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсені түсіруге боолмайды. Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымы айқын. Қоғам алдында ешнәрсені жарсымай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш-жігерімізді жинап, күресе беруіміз керек, - деді ол. Тоқаев күрделі жағдай кеінде ел арасында көп жалған әңгіме тарап жатқанын айтты. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды азаматтардың әрекеттері орын алды. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды, - деді ол.